Негізгі бет  /  мақалалар  /  Тарихи құжат – тәуелсіздікке тарту

Тарихи құжат – тәуелсіздікке тарту

Айқын-ақпарат
994
Тарихи құжат – тәуелсіздікке тарту Қазақстан Республикасы Тәуелсіз­дігінің 25 жыл­дығына арналған декларация қабылданды.

Бұл еліміз үшін ерекше орын алатын маңызды құжат.
Декларацияның қабылдануын ел ішіндегі қазақстандықтар ғана емес, алыс-жақын шетелдерде тұратын 5 миллионнан астам қазақ диаспорасының өкілдері де қуанышпен қарсы алды. Өйткені бұл – біздің тарихымыз және болашақ ұрпағымызға қалдыратын мұрамыз.
Тәуелсіз Қазақстанды құру және қалыптастыруда ерен еңбек сіңірген ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көшбасшылығымен еліміз бүгінде әлем таныған мемлекетке айналды.
Әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылуға қарышты қадам басты.
Баршаңызды Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық ілгерілеу мен орнықты даму жолын айқын көрсеткен деклара­цияның қабылдануымен құттықтаймыз.
Ісіміз алға баса берсін, отандастар!
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

 

Қазақстанның әдебиетші қауымын біріктіретін «Қазақстан Жазушылар одағы» Республикалық қоғам­дық бірлестігі Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қабылданған Тәуелсіздік декларациясын зор ықыласпен қабылдайды.
Әлем картасында жаңадан пайда болған жас Қазақстан мемлекеті Тәуелсіздік жылдарында адам нанғысыз тарихи жетістіктерге қол жеткізіп, күллі әлем мойындаған таны­мал мемлекетке айналды. Мұның барлығы халқымыздың ауызбіршілігі мен ынтымағының, сол халықты алға бастаған Елбасының көреген дана саясатының арқасы.
Тарихи құжатта еліміздің жарқын жетістіктері мен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет құрудағы ерен еңбегін ерекше атап көрсетілген.
Біз, қаламгерлер қауымы барша Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған декларацияның қабылдануымен құттықтаймыз!
«Қазақстан Жазушылар одағы»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

 

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы барша отандастарымызды ел Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясының қабыл­дануымен құттықтайды.
Декларация мәтінінде мемлекеттілікті нығайту мен дамытудың, нарықтық экономиканың қалыптас­тырудың, кәсіпкерлікке жағдай жасаудың негізгі басымдықтары айқын көрсетілген.
Мұның барлығы Елбасының алысты болжай білетін көреген саясатының, батыл қадамдары мен стратегиялық бастамаларының нәтижесінде жүзеге асып отыр. Ұлт Көшбасшысы, Мемлекет басшысының жетекшілігімен Тәуелсіздіктің 25 жылында Қазақстан өз дамуында теңдессіз табыстарға қол жеткізді әрі бүгінде бізді күллі әлем мойындап отыр.
«Атамекен»  ұлттық кәсіпкерлер палатасы


Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы барша Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 25 жылдығы дек­ларациясының қабылдануымен құттықтайды.
Декларацияда Қазақстан дамуының басты кезеңдері мен жетістіктері көрсетіліп, Мемлекет басшысының өлшеусіз рөлі айқындалған. Бұл құжатта еліміздің табыстары айқын көрсетіліп, қазақстандықтардың келер буыны бел шеше кірісуге тиіс даму бағыттары анықталған.
Тарихи қысқа мерзім ішінде Қазақстанның қол жеткізген табыстарын мақтанышпен бағамдай келе, біз аталған құжаттың Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерей­тойында қабылдануының аса үлкен мәні бар екендігін атап өтеміз.
Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы

 

Барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясының қабылда­нуымен құттықтаймыз!
Мемлекет басшысының жетекшілігімен Тәуелсіздік жылдарында елімізді бәсекеге қабілетті қылу жолында алға қойған стратегиялық басымдықтарымыздың бірі білім беру мен ғылым жүйесін жетілдіру еді. Осы саясаттың нәтижесінде бүгінде Қазақстан адам дамуының жоғары деңгейіне қол жеткізген мемлекеттердің қатарына кірді. Президенттің «Болашақ» бағдарламасы, Назарбаев университеті, зияткерлік мектептер, зерттеу универ­ситеттері, міне мұның барлығы – зияткер ұлттың, ғылым мен білімге құштарлық культінің қалай қалыптасып жатқанын көрсететін жарқын мысалдар.
Тәуелсіздіктің ұлы жолы – ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жетекшілігімен тұтас халқымыз жүріп өткен жол. Біздің баршамыздың ортақ мақсатымыз – келер ұрпаққа ең қымбат қазынамызды, тәуелсіз және егемен Қазақстанды мұраға қалдыру!

ҚР Ұлттық ғылым академиясы

 

Қазақстан жоғары оқу орындарының қауымдастығы барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясының қабыл­дануымен құттықтайды.
Бұл Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көшбасшылығымен еліміз қол жеткізген табыстарды айшықтайтын тарихи құжат.
Елбасының көреген саясатының нәтижесінде Қазақстан бүгінде адам капиталының деңгейі жоғары елдердің қатарына кіріп, зияткер ұлт қалыптастыруда.
Біз Қауымдастық атынан барша қазақстандықтар­ды еліміздің жарқын болашағын жасау үшін алға қойған
биік мақсаттар мен міндеттерді орындау ісіне белсенді араласуға шақырамыз.
ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы

 

Біз, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері отандастарымызды Қазақстан Республикасы Тәуел­сіздігінің 25 жылдығы декларациясының қабылдануымен құттықтаймыз.
Біздің буын, майдан көрген, соғыстан кейінгі жоқ­шылық пен қиындықтарды бастарынан өткізген ұрпақ ретінде бейбіт күнді, тоқшылық пен бақуатты өмірдің қадірін өзгелерден әлдеқайда жақсы білеміз.
Елбасының көреген саясатының арқасында біздің ел табысты дамып, жастар білім алуға, кәсіп иеленуге, отбасын құруға мол мүмкіндіктер алды.
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы жолында барша халықтың сіңірген еңбегін келер ұрпақ жоғары бағалайды деген сенімдеміз.


«Қазақстан Ардагерлер кеңесі» РҚБ

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы Елбасының жетекшілігімен тұтас елдің жетістіктері сипатталған Тәуелсіздіктің 25 жылдығы декларация­сының қабылдануымен барша қазақстандықтарды құттықтайды.
Бүгінде кәсіподақ ұйымдарының 2 миллионнан астам мүшесінің мүддесін қорғайтын Кәсіподақтар федерациясы ұлт Көшбасшысы – Президент Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін жоғары бағалайды.
Экономикалық жағдайдың қиындығына қарамастан ел Президенті жаңа жұмыс орындарының ашылуына, еңбекақы, зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердің өсуіне айрықша мән беріп келеді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейлі жылының мәреге жақындаған тұсында қабылданған бұл құжаттың тарихи мәні өте зор.
«Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы» РҚБ

 

«Шығармашылық бастамашыл әйелдер лигасы» отандастарымызды Қазақстан Республикасы Тәуел­сіздігінің 25 жылдығы Декларациясының қабылдануы­мен құттықтайды.
Еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы толайым табыстары Ұлт көшбасшысы, ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты.
Мемлекет басшысының сарабдал саясатының нәтижесінде Қазақстан бүгінде әлемге бейбітшілік сүйгіш, қарқынды дамыған мемлекет ретінде танылды.
Біздің әрқайсымыз, жетістіктерді бағалай келе: «Біз Қазақстанды мақтан тұтамыз!»,-деп еркін айта аламыз.
Барша отандастарымызды жұдырықтай жұмылып, келешегі кемел еліміздің, Қазақстанның дамуына үлес қосуға шақырамыз!
«Шығармашылық бастамашыл әйелдер лигасы» ҚБ