Негізгі бет  /  мақалалар  /  Экономикалық даму модельдері талқыланды

Экономикалық даму модельдері талқыланды

Айқын-ақпарат
755
Экономикалық даму модельдері талқыланды Бүгін «Нұр Отан» партиясының саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы (CPASS) «Зерде» сараптама клубының «Экономикалық даму модельдерінің әлемдік тәжірбиесі» атты отырысын өткізді.

Сөз басында партия хатшысы Фархад Қуанғанов өтіп жатқан шара тақырыбының «Қазақстан – 2050» стратегиялық жобасы міндеттеріне байланысты маңыз­дылығын баса айтып өтті.

– Өздеріңіз білетіндей, елдің әлемдік аренада алдыңғы қатарға шығу таңдалынып алынған эко­но­ми­калық даму моделіне тіке­лей бай­ланысты. Қазақстан өзге ел­дердің тәжірибесі мен пай­даланып жүрген даму үлгісін зерт­теп, өз экономикалық даму моде­лін жетілдіруі тиіс, – деді Ф.Қуанғанов.
Отырысқа ҚХР Қаржы ғылыми институтының ғылыми қызметкері  Лю Чжицинь, ресейлік экономист Михаил Хазин, Қа­зақстандағы әлемдік банк өкілі Ато Браун, К.Аденауэра қорының өкілі Томас Хельм (Гер­мания) және т.б. танымал шетелдік және қа­зақстандық экономистер мен сарапшылар баяндама жа­сады. 
Лю Чжицинь мырза алпауыт Қытай елінің экономикалық хал-күйін тәуелсіздік алғаннан соң қалай көтере алғаны туралы баяндама жасады. Қытай Халық Республикасы халқының жағдайы әбден төмендеген тұста үш қағиданы ұстануға шешім қабыл­дапты. Олар: 1) стартты нақты белгілеу; 2) индустрали­зациялау; 3) мәселелерді ретімен шешу.
– Біз экономикалық мақсатта дамудың бірнеше емес, тек бір фокусын ғана таңдап алдық. Халықтың 80%-ы егін егумен айна­лысатын тұста ауыл шаруа­шылығы реформасын жүргізу қажеттілігі туды. Осыдан 25 жыл бұрын біздің халық күрішті талон­мен алатын. Қазір АҚШ, Еуропа елдерімен бәсекелесе алмасақ та жағдайымыз өте жақсы, – деп тоқталды ол.
Қытайда әр жыл сайын 7 млн студент оқу аяқтайтынын, ол біз­дің Қазақстан халқының 40%-ы еке­нін ескерсек, жұмысқа ор­наласу өте күрделі мәселе екенін атап өтті Лю Чжицинь.
Айта кетейік, партия қызме­тіне сараптамалық қолдау көрсету және елдің даму стратегиясының негізгі мәселелері бойынша партияның ұстанымын қалыптас­тыруға бағытталған CPASS партия көшбасшысының тапсырмасымен құрылған.Оның негізінде құрыл­ған «Зерде» сараптамалық клубы стратегиялық мәселелерді тал­қылауға сараптамалық бірлес­тік­тің қатысуын қамтамасыз етеді. 

 

Таңшолпан ТӨЛЕГЕН