Негізгі бет  /  мақалалар  /  Бәсекеге қабілетті кәсіпорындар қолдауға ие болады

Бәсекеге қабілетті кәсіпорындар қолдауға ие болады

Айқын-ақпарат
779
Бәсекеге қабілетті кәсіпорындар қолдауға ие болады Алматы облысының Тал­ды­қор­ған қаласында «Нұр Отан» партиясы жанындағы Кәсіп­керлікті қолдау бойынша респуб­ликалық қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы өтті.

Отырыста «Бәсекеге қабілетті көшбасшылар – ұлттық чемпиондар» бағдар­ла­масын жүзеге асыру мәселелері қаралды.
Отырыстың жұмысына ҚР Пар­ламент Мәжілісінің депутат­тары, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен бизнес құрылымдардың өкілдері қа­тысты. 
«Нұр Отан» партиясы Сай­лауал­ды бағдарламасының ба­ғыттарының бірі жоғары экс­порт­тық әлеуеті бар кәсіпорындарды қолдау екені белгілі. Сол себепті «Бәсекеге қабілетті көшбасшылар – ұлттық чемпиондар» бағдар­ламасын жүзеге асыру «Нұр Отан» партиясының ерекше назарында.
2018 жылға қарай «Ұлттық чемпиондар» бағдарламасына қатысушы компаниялардың ақшалай түсімі 170 млрд теңгеге, жобаларға бөлінетін инвес­тициялары – 72 млрд теңгеге, өнімділігі 26%-ға ұлғаю Сайлауал­ды бағдарламасының міндеттері болып табылады.
Аталған міндеттерді орындау шеңберінде, биыл 25 қарашада Алматы облысы Талдықорғанда «Нұр Отан» партиясы жанындағы Республикалық қоғамдық кеңес­тің көшпелі отырысында бағдар­ламаны жүзеге асыру мәселелері және бағдарламаның 2015 жылы ақпан айында қосылған бірінші кезеңінің нәтижелері қаралды.
Үш саладағы: тамақ өнеркә­сібінің (16 компания), машина жасау өнеркәсібінің (6 компания) және құрылыс материалдар өндірісінің (5 компания) 27 қатысушы компаниялардың ұсыныстары тыңдалды. Мысалы, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне арналған инфрақұрылымды жүргізуге шығындарды төлеу бойынша қажеттілік. 
2016 жылғы 9 айдың қорытын­дысы бойынша қатысушы-компаниялардың түсімі 312 млрд теңгені немесе 2015 жылғы түсімнен 93%-ды құрады.
Қатысушы – компаниялар биылғы жылдың қыркүйек айындағы жағдайға сәйкес, жұмыс орындарының саны бойынша 2% -ға немесе жылдың басымен са­лыстырғанда 498 жұмыс орнына өскен.
Қатысушы – компаниялардың еңбек өнімділігі 2016 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 2015 жылдың жылдық көрсет­кішімен салыстырғанда 21%-ға өскен. Бұл осы кезең ішінде түсімдердің оң динамикасын және осы көрсеткіш бойынша барлық үш саланың компаниялары өсімді көрсетіп отыр. 
2016 жылдың соңғы 9 айында қатысушы компаниялардың капиталдық салымдары 24 млрд теңгені құрады немесе 2015 жылдың жылдық көрсеткішімен салыстырғанда 10 млрд теңгеге аз. 
Отырыстың соңында Респуб­ликалық қоғамдық кеңестің қатысушылары жеңіл, жүк авто­көліктерінің және автобустардың жұмыстары бойынша сертификат орталығының құрылысына бай­ланысты ұсынымдар дайындады.