Негізгі бет  /  мақалалар  /  «Хабар» бірегей жекпе-жекті көрсетеді

«Хабар» бірегей жекпе-жекті көрсетеді

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ
911
«Хабар» бірегей жекпе-жекті көрсетеді 27 қараша күні Астана уақыты бойынша таңғы сағат 9-да«Хабар» телеарнасы тікелей эфиріндеВасилий Ломаченко мен Николас Уолтерс арасындағы екінші жартылай жеңіл салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионының титулы үшін жұдырықтасуды көрсетеді.

Жекпе-жек АҚШ Невада штатының Лас-Вегас қаласындағы«The Cosmopolitan» қонақүйінде өтеді.

«Бұл жұдырықтасуды бокс сүйер қауым көптен күтті, Ломаченко мен Уолтерс бокс алаңында кездеспекші.Көрермен осы жекпе-жектен ләззат алады деген ойдамын, өйткені қарсыластар арасындағы шиеленіс өте жоғары, олардың әрқайсысы аталмыш кездесуге бар күш-жігерін салып дайындалуда және жеңіс үшін аянбайды» - дейді «Хабар» телеарнасының спорт продюсері Асқат Жақаев. Василий Ломаченко – 28 жастағы украиндық кәсіпқой боксшы, екі дүркін олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы. 2013 жылы The Ring бокс журналы оны болашағынан үміт күттіретін боксер деп таныды. Лақап аты – Hi-tech.

«Бұл ұрыс мен үшін өте қызықты болмақ. Менің Уолтерсті тоқтатуға жоспарым дайын. Жанкүйерлерім үшін жақсы шоу көрсетуге тырысамын» - деп ой бөлісті Василий.

Николас Уолтерс – 30 жастағы ямайкалық кәсіпқой боксшы, WBAsuper, WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы. Лақап аты –AxeMan (ағылшын тілінен аударғанда «Отыншы»).

«Ломаченкожақсы және рингте қалай жұмыс жасау керек екенін біледі. Бірақ мен үнемі өз қарсыласымды нокаутқа түсірудің мүмкіндігін іздеймін. Оны да нокаутпен жеңбекшімін, ол ұзақ шыдай алмайды» - деді Николас.