Негізгі бет  /  мақалалар  /  Үш жасар “өрмекші адам” интернет қолданушыларын таңқалдырды

Үш жасар “өрмекші адам” интернет қолданушыларын таңқалдырды

Айқын-ақпарат
636
Үш жасар “өрмекші адам” интернет қолданушыларын таңқалдырды Ирандық үш жасар акробат қыз Арат Хосейни өзінің ерекше күші мен қабілетінің арқасында Инстаграм жұлдызына айналып шыға келді.

Бұл туралы The Sun басылымы хабарлайды.

Араттың парақшасына қазірдің өзінде 450 мыңға жуық адам жазылған. Қабырғаға өрмелейтін бала, кеуде көтеру жаттығуын да қиналмай жасап, ауада шпагатқа отырған күйі бір қолымен ғана тіреп тұра алады.

Талантты бала артқа қарай да емін-еркін айнала алады. Ол тіпті қытайлық таланттар шоуының да басты жұлдызына айналып үлгерген.

 

Араттың қабілетін байқаған әкесі Мохаммад оның жаттығуына көмектеседі. Әкесі баласының кез-келген спорт бойынша алдына жан салмайтынына сенімді.

stan.kz