Негізгі бет  /  мақалалар  /  Еурокомиссияның сайтына «кибершабуыл» жасалды

Еурокомиссияның сайтына «кибершабуыл» жасалды

Айқын-ақпарат
900
Еурокомиссияның сайтына «кибершабуыл» жасалды Еуропалық комиссияның сайтына DDoS-шабуыл жасалды, деп хабарлайды La Libre Belgique аталмыш органның қолда бар ішкі құжаттарына сілтеме жасай отырып.

La Libre Belgique хабарлауынша, «кибершабуыл» туралы ақпаратты Еурокомиссияның өкілі Маргаритис Схинас та растады. Оқиға 24 қараша, бейсенбі күні күндіз болған. Осы шабуылдың салдарынан Еурокомиссияның интернет-сайтына айтарлықтай зиян келген. Схинастың сөзінше, аталмыш «шабуылдың» салдарынан интернет-байланыстар нашарлап, Еуроодақтың атқарушы органының веб-сайтына кіру және қызметкерлердің интернетпен жұмыс істеу мүмкіндігін шектелді, деп жазады РБК. Алайда, Схинастың сөзінше, «шабуыл» тоқтатылды. Қандай да бір құпия мәліметтердің ұрлану жағдайы тіркелмеген. Ал, «кибершабуылдың» қайдан жасалғандығы туралы комиссия өкілдері ештеңе айтпай отыр.

inform.kz