Негізгі бет  /  мақалалар  /  Солтүстік облыстарда жел күшейіп, бұрқасын соғады

Солтүстік облыстарда жел күшейіп, бұрқасын соғады

Айқын-ақпарат
1041
Солтүстік облыстарда жел күшейіп, бұрқасын соғады Бүгін Республикамыздың солтүстігінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты қар жауып, бұрқасын болып, жел күшейеді. Қазақстанның қалған аймақтарында жауын-шашын болмайды. Кей жерлерінде тұман күтіледі, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді. Павлодар облысында бұрқасын, кей жерлерде күшті жел соғады, 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с-ға дейін күшейеді. Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Маңғыстау, Атырау облыстарында, күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде тұман болады. Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-22 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.

inform.kz