Негізгі бет  /  мақалалар  /  Орыстар оңдырмайды

Орыстар оңдырмайды

Жолдасбек Дуанабай
768
Орыстар оңдырмайды Былтыр Алматыда 26 қарашада Наурызбай ауданында болған бұл оқиға жұртты дүр сілкіндірген еді.

Таңғы сағат төртте арнайы шақырумен барған жедел жәрдем дәрігерін бейтаныс адам соққыға жығады. Қылмыстық-процессуальдық кодекстің 128-бабында көзделген тәртіппен күдікті ұсталған бойда ІІД-нің уақытша оқшаулау абақтысына қамалды.
Жарақат алған жігіт ұзақ уақыт жансақтау бөлімінде жатып, ақыры емделіп шықты. Ал, ауыр қылмыс жасаған ер адам сот барысында «өзара келісіммен» жазадан құтылып кетті.
Мұндай жағдай еліміздің барлық аумағында болып тұратын құбылыс. Бірі маскүнем, енді бірі нашақор, енді бірі бұзақы азаматтар құтқаруға келген дәрігердің өміріне қауіп төндіреді. Ақ халаттыларды азапқа салатындар бізде ғана тұрмайды. Бұзақылар барлық елдерде бар. Осыған байланысты қатаң шара қолдануды Ресей бірінші болып қолға алуы мүмкін.
Араққа сылқия тойып алып немесе жүйкесі тозғандар орыс дәрігерлерін де жиі соққыға жығып жатады екен. Осыған тосқауыл қою үшін «Ремедиум», Денсаулық сақтау министрлігі, «Ұлттық медицина палатасы» медицина қауымдастығы және Бүкілодақтық мемлекеттік әділет университеті федеральдық заң жасады. Онда қылмыстық жауапкершілік күшейтіліп, ендігі жерде дәрігерлерге қастандық жасағандар өмір бойына түрмеге қамалуы мүмкін.  
Заң авторлары заң талқыланып жатқанын айтады. Осы арқылы дәрігерлерді ғана емес, жалпы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қамтамасыз етілмекші.