Негізгі бет  /  мақалалар  /  Марстан теңіз табылды

Марстан теңіз табылды

Айқын-ақпарат
905
Марстан теңіз табылды Америка мен Канаданың геофизиктері Марстан мұз болып қатқан теңіз тапты.

Утопия жазығында 1-10 метр тереңдікте орналасқан теңіздің 50-80 пайызы мұз болып қатқан судан тұрады. Мұз болып қатқан су қоймасының қалыңдығы 80-170 метр болса, көлемі 14,3 мың км.

Ғалымдар бұл теңізді MRO (Mars Reconnaissance Orbiter) орбита станциясының SHARAD (Shallow Radar) радиолокаторының көмегімен тапқан. MRO аппараты Марсқа 2005 жылы жіберіліп, қызыл ғаламшарға 2006 жылы жеткен болатын, деп жазады reactor.inform.kz.