Негізгі бет  /  мақалалар  /  14 жылда 84 млн.-ға жуық қазақстандық шет елде демалды

14 жылда 84 млн.-ға жуық қазақстандық шет елде демалды

Айқын-ақпарат
805
14 жылда 84 млн.-ға жуық қазақстандық шет елде демалды Қазақстан туризм индустриясын дамытып жатқан көптеген елдің туристік доноры болып табылады.

Бұл туралы Фейсбуктағы парақшасында ҚР Инвестиция және даму министрлігі Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали жазды. 2001-2015 жылдары Қазақстанға келген резиденттер болып табылмайтындар саны 59 489 294 адамды құрады. Өз кезегінде, 2001-2015 жылдары ел аумағынан шет елдерде демалуға 83 771 998 қазақстандық шыққан. 15 жылдағы жағымсыз айырма - 24 282 704 адам. Мұндай үрдістің басты салдары ел капиталының сыртқа кетуі болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстаннан сыртқа шыққан туристер саны елге келушілерге қарағанда 1,5-2 есе асып кетті және елдің төлем балансында туристік сальдо үнемі теріс болуда. 2015 жылы сальдо минус 400 миллион долларға жетті.

 inform.kz