Негізгі бет  /  мақалалар  /  Сот қызға аштық жариялауға рұқсат берді

Сот қызға аштық жариялауға рұқсат берді

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
971
Сот қызға аштық жариялауға рұқсат берді Американың Нью-Джерси қаласында салмағы 31 келі тартатын қыз сотқа шағым түсіріп, өзіне күштеп тамақ бермеуді сұрады.

29 жастағы қыз 2014 жылдан бері жүйке ауруларын емдейтін емханада емделіп жатыр. Бір таңқаларлығы, оның ағзасы тамақты керек етпейді. Жалпы тамаққа тәбеттің жоғалуы қыздың 13 жасынан басталған. Белгісіз сырқатпен ауыратын жан өзін күштеп тамақтандырып жатқан дәрігерлердің үстінен сотқа талап-шағым түсіріп, өзін қорғауды сұрады. Алғашында прокурор мен судья шағымданушының арызын қабылдамай кері қайтарды. Бірақ қорғаушылар қыздың мүддесін қорғап қалды. Заңгер мамандардың пікірінше, қыздың қазіргі ағзасы 92 жастағы қартпен бірдей болып тұрғандықтан оған мәжбүрлеп тамақ берудің қажеті шамалы. Ақыры сот қыздың өз өтініші бойынша оған аштық жариялауға келісімін берді.