Негізгі бет  /  мақалалар  /  100 келі алтын тапты

100 келі алтын тапты

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
998
100 келі алтын тапты Францияның Эвре қаласында таңқаларлық оқиға орын алды.

Жаңадан сатып алған үйден ескі жиһаздарды далаға шығарып жатқан қожайын кереуеттің астынан «алтын қоймасын» тапты. LaDépêche басылымының жазуына қарағанда, аталған тарихи монеталар үйдің әр бөлмесінен шыққан. Бірінші табылған олжа қонақ күтетін бөлмедегі киім ілетін шкафтың төменгі жағына қораптың ішіне қойылған. Барлығын қосқанда, үй иесі 5 мың алтын монета, 49 келі құйма тапқан. Сарапшылардың есептеуіне қарағанда, табылған құндылықтың құны 3,5 миллион евро құраған.
Кейіннен табылған құжаттарды зерттегенде, алтын өткен ғасырдың 50-60 жылдары аукционда сатылғаны анықталды. Жергілікті аукцион арқылы сатуға шығарылған алтын бұл үйде неге сақталынып келген, ол жағы түсініксіз. Ал бірақ нақтысы табылған олжаның 45 пайызы мемлекетке қайтарылатын болды.