Негізгі бет  /  мақалалар  /  24 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал

24 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал

Айқын-ақпарат
715
24 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал

Тоқты
Бүгінгі жоспарланған жұмыстарыңыз толығымен іске аспас, бұл сіздің кінәңіз емес. Сізге белгісіз жағдайларға байланысты сіз кездесулеріңізді кейінге қалдыруға мәжбүр боласыз.Жаңа жаңалықтар естисіз. Қолыңызға қаржы түсіп жатса, керек әрі пайдалы затқа жұмсаңыз. Қызылға қызыға бермеңіз!

Торпақ
Бұл күні сізде ностальгия немесе өткен өміріңізде болған адам пайда болады. Осылардың бәрі сіздің қазіргіңізді және сіздің сүйікті адамыңызбен қатынасыңызды бұзуға мүмкіндік бермеңіз.Бұл қауіпті жағдайда емес, жалпы күн сәтті деп есептеліп отыр

Егіздер
Кәсіби шеберлігіңіз бен ұйымдастырушылық қасиетіңіз жоғары бағаланатын болады. Әйтсе де, аузыңыздан шыққан сөзге абай болыңыз. Ата-анаңызға барынша қамқор болыңыз. Көңіл-күйіңіз ерекше болмақ. Тіпті өмірде мүмкін емес нәрселердің өзі мүмкін болатындай сезіледі. Кәдімгі балаң қиялға қанат қағып, таңғажайып сезімде боласыз.

Шаян
Қандай да бір жағдайда асығыстық танытпаңыз. Алайда тым жайбырақаттыққа салынып, жаныңыздағы адамды жабырқатып алмаңыз. Болашаққа сапар шегіңіз, алдағы жарқын күндеріңізді елестетіңіз. Өміріңізге шырай береді-ау деген жақсылықтарды осы жылға жоспарлаңыз. Сізді дос-жаран, ағайын-туыс қос қолын көтере қолдайтынына сеніңіз.

Арыстан
Сiзге кез-келген iстi атқаруға керемет мүмкiндiк туады. Әсiресе мұндай жағдайлар отбасын құрған арыстандар арасында кең етек алады. Жеке өміріңізде қуантарлық жағдайлар енді басталмақ. Сондықтан барынша көңілді күйде жүріңіз.

Бикеш
Бүгін күтпеген қонақ келуі мүмкін. Оған қоса маңызды мәселе шешімін таппақ, бұл кезде жақындарыңыздың кеңесін тыңдап, көмегіне жүгінсеңіз артық емес. Бүгінгі күніңізді өзіңіз үшін емес, сүйіктіңіз үшін арнаңыз. Жұлдыздар мұндай уақыт өткізулер өте пайдалы болады деп болжайды.

Таразы
Қаржылық істерді құрастыру тек қосымша қиындықтар әкеледі. Сондықтан азғантай ұсақ-түйекпен және істердің жалпы күйін тексерумен айналысу керек. Бүгін бұл белгідегілер көп уақытын жұмысы мен материалдық проблемаларын шешуге арнайды. Сондықтан да, күн аяғында сіздің қатты шаршағаныңыз білінеді.

Сарышаян
Тіршіліктің түйткілдері таусылар емес. Өзіңізге демалыс жариялаңыз, тынығуға тырысыңыз. Жақсы демалыс алдағы кезеңде жұмысыңыздың ілгерілеуіне септігін тигізеді. Өмірлік серігіңіздің көңіліне қарай біліңіз. Бүгінгі күні шағын отырысқа қатысуыңыз мүмкін. Айналадағы адамдармен түсінбестік туындатып алмауға тырысыңыз.

Мерген
Осы күн тың ойлар мен жақсы жоспарларға толы болмақ. Бастаған ісіңізге жақындарыңыз күмәнмен қарайды, бірақ аяғында демеу көрсетеді. Бұл күн әдеткі қалыптан өзгере қоймайды. Жанұяда жайлы бір жылылық пайда болады. Арман қиялға берілмеңіз! Жұмыс жағдайын оңға бұрыңыз!

Тауешкі
Бұрын соңды жоғалтқан, мүлт жіберген байланыстарыңызды, қайта қалпына келтіретін нағыз бірден - бір күн. Ескі достарыңызды да көріп қалу ықтималдығы мол. Бүгін сізге өте тез және қиын шешімдер қабылдау керек.

Суқұйғыш
Күтпеген жағдайға дайын болыңыз. «Келісіп піскен тон келте болмас» дегендей өзіңіз сенім артқан адамдарыңыздың ақылына құлақ асыңыз. Жұмсақ мінезіңіздің арқасында еш қиындықсыз бар арманыңызды жүзеге асыра аласыз.

Балықтар

Көлденең "көк аттылардың" тұзағынан сақтаныңыз. Ішкі түйсігіңізге құлақ асып, сырт көзге әлсіздігіңізді байқатпаңыз. Аса байсалдық таңытыңыз. Әр ісіңіз оңынан туары анық.

Baq.kz