Негізгі бет  /  мақалалар  /  Барактың байлығы белгілі болды

Барактың байлығы белгілі болды

Жолдасбек Дуанабай
1198
Барактың байлығы белгілі болды АҚШ-тың президенті Барак Обама қызметінен кетсе де ол туралы әңгіме біразға дейін жалғасатын сыңайлы. Ең алдымен оның қанша жалақы алатыны белгілі болды.

Дерек көздері мәлімдегендей, Барак Обама жер бетінде ең көп жалақы алатын президент. Бұл Француз журналистері жасаған рейтингте белгілі болған. 
Есесіне санаулы күндерден кейін Ақ үйде таққа отыратын Дональд Трамп өз жалақысының 1 доллар болатынын, одан артық ақша алмайтынын мәлімдеді. (Оның байлығы 3 млрд доллар көрінеді). 
Ал, «Les Echos» журналы әлем көшбасшыларының бір жылда қанша жалақы алатындығын тізіп шықты. Қысқасы Барак Обаманың жалақысы 400 мың доллар екен. Есесіне Ресей басшысы Владимир Путин жалақы жағынан тоғызыншы орында тұр. Оның жылдық жалақысы 136 мың долларды құраған. 
АҚШ президенті жалақысынан бөлек жылына 100 мың доллардЫ түрлі іссапарларға арнайды. Сонымен қатар 69 мың доллар «мемлекеттік шығын» ретінде есептеледі.Арнайы жабдықталған «Боинга-747» ұшағын бір сағатқа пайдалану 180 мың доллар.