Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жүрек ауырмасын десеңіз...

Жүрек ауырмасын десеңіз...

Жолдасбек Дуанабай
1251
Жүрек ауырмасын десеңіз... Америкалық ғалымдар жүрек ауырмау немесе дерттің қатерін азайту үшін керекті басты амалды айтты.

Ғалымдардың сөзіне қарағанда, күнделікті серуендеу жүрек дертін, қан тамырлары ауруларын күрт азайтады екен. 
Бингхэмтон университетінің ғалымы (АҚШ) Памела Фас Нью-Йоркте жүргізген зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, жастарына қарамастан сынаққа қатысқан жүздеген адамдар жаяу жүрудің бар амалын насихаттаған. Себебі күнде ондаған шақырым жаяу жүрудің барысында жүрек қағысы жақсарады. Қан тамырларының жұмысы реттеледі. 
Зерттеу көрсеткендей, көбінесе әйелдер көп жүреді екен. Сондықтан оларда холестерин деңгейі төмен, қан құрамындағы май аз және қан қысымы да жиі өзгермейді.
Қазіргі кезде жүрек дерті жас талғамайтын болды. Мұның басты себебі -адамдардың күнұзақ бір жерде отыратындығы. Осыдан ауру да асқына береді. Сол себепті жүгірген кісінің жолы болатындығын дәрігерлер жиі насихаттап жатыр. Қарап жүрмей денешынықтыру жасау да өте пайдалы екен. 
Еуропалық оқымыстылар жалғызілікті әйелдердің тұрмыс құрған құрбыларына қаарғанда жүрек-қан тамырлары ауруына жиі тап келетіндігін айтады. Бұл Роттердамдағы Эразма университетінің медицина орталығында жүргізілген зерттеулердің соң белгілі болған. Ендеше, сақ жүрсеңіз ғана сау жүретіндігіңізді еске салғымыз келеді.