Негізгі бет  /  мақалалар  /  БОЛАШАҒЫМЫЗ – БІРЛІКТЕ!

БОЛАШАҒЫМЫЗ – БІРЛІКТЕ!

Айқын-ақпарат
829
БОЛАШАҒЫМЫЗ –  БІРЛІКТЕ!

Кеше Алматыда қалалық әкімшіліктің Ішкі саясат басқармасы және «Алматы қаласының ақпараттық-ресурстық орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Алматы қаласында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыруда ҮЕҰ-ның рөлі» атты тақырыпта «Болашағымыз – бірлікте! Вместе сильнее!»  деген ұранмен  Х азаматтық форум өтті. 

Мәңгілік ел идеясы аясында өткізіліп отырған бұл шараның мақсаты – үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік ор­ган­дардың бірлесіп әрекет етулерінің жаңа формаларын, қаладағы өзекті проблемаларды шешу бойынша бірлескен жұмыстарды талқылау болып табылады. Бұл форумдағы негізгі тақырып Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асырудағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі болды. Жиында жасалған баян­да­ма­ларда үкіметтік емес ұйым­дар­дың Алматы қалалық Қоғамдық ке­ңес­тің жұмысына атсалысуы, Мем­лекеттік істер және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-әрекеттер жө­ніндегі агенттікпен бірлесіп жұ­мыс істеуі, «Болашағы бір ұлт» ұт­тық біркелкілікті қалыстас­ты­ру­да­ғы қоғамдық ұйымдардың рөлі, сондай-ақ мемлекеттік қыз­метке тән емес функцияларды бәсекелес­тік ортаға беру про­цесіне үкіметтік емес ұйым­дардың қатысуы туралы айтылды. 
Форумда Алматы қаласы Қо­ғам­­дық кеңесінің төрағасы, «Тұ­ран» университетінің ректоры Р.Алша­нов «Алматы қаласы Қо­ғам­дық кеңе­сінің жұмысына ҮЕҰ-ның қа­тысуы туралы» баяндама жасады. Қо­ғамдық кеңестің Төтен­ше жағ­дайлардың алдын алу жүйе­сі қыз­метін, тұрғын үй коммунал­дық қызметін, Алматыда бірыңғай ақылы автотұрақ жүйесін енгізу бойынша тыңдаулар өткізгені туралы, қо­ғамдық бақылаудың барлық түрлерін пайдалана оты­рып, бю­д­жеттік бағдарлама­ларға бақы­лау жаса­латындығы жайлы айтты. Мемлекет басшысы Н.На­зар­­баев­тың бес институт­тық реформалары аясында Мемле­кет­­тік қызмет істері және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агент­­тігінің ҮЕҰ-мен өзара әре­кет­тес­тігі жайлы Қазақстан Респуб­ли­ка­сы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігінің Алматы қа­ласы бойынша департаменті бас­шысының орынбасары Ш.Әлім­ха­нов баяндама жасады. Ал­маты қала­сы кәріс ұлттық ор­та­лы­ғы тө­ра­­ға­сының орынбасары, Қа­зақ­стан  хал­­қы ассамблеясының мү­шесі Г.Кан Мемлекет басшы­сы Н.Назарбаев­тың бес инсти­тут­­тық реформа­лары аясында «Бір­­тұтас келешек ұлт» төртінші ре­форма аясындағы азаматтық бір­­тұтас­тықты қалып­тастырудағы қоғамдық ұйым­дардың рөлі туралы айт­ты. Мем­лекетке тән емес функ­ция­ларды бәсекелестік ортаға беру процесіне ҮЕҰ-ның қатысуы жө­нінде «Берекелi жол» РҚБ пре­зи­­­денті Р. Бадаева әңгімелеп берді. 
«Алматы қаласының ақпарат­тық-ресурстық орталығы» қоғам­дық қорының директоры Алтынай Көбееваның айтуынша, Алматы қала­сындағы Азаматтық форумы ҮЕҰ, БАҚ, ұлттық-мәдени орта­лық­­­тар­дың, кәсіподақтардың, жалпы қаламызға жаны ашитын, сүйетін тұрғындардың бірлескен күшімен қаланың өзекті про­блемаларын шешуге бағыттайтын стратегиялық ұсыныстардың ала­ңы болды. 
Жиынның соңына қарай «Өр­леу» 2016 жәрмеңкесі мен бай­қа­уы­ның лауреаттарын салтанатты түр­де марапаттау рәсімі және Қа­­зақ­­­станның VII Азаматтық фору­мы­ның делегаттар құрамына үміт­кер­лерді ұсыну, талқылау және дауыс беру рәсімі болды.