Негізгі бет  /  мақалалар  /  BARON FOOD өнімдері Ресейде сұранысқа ие

BARON FOOD өнімдері Ресейде сұранысқа ие

Айқын-ақпарат
848
BARON  FOOD өнімдері Ресейде сұранысқа ие Алматы облысының Талғар қаласында орналасқан BARON FOOD ЖШС кәсіпорнының іргестасының қаланғаны көп бола қойған жоқ.

Осыдан үш жыл бұрын, яғни,  2013 жылы жергілікті кәсіпкер Сергей Калининнің жетекшілігімен құрылған компания мұздатылған полуфабрикаттар өндіреді.

Екі жүзге тарта еңбеккері бар  BARON FOOD ЖШС-ның өндірістік қуаттылығы жылына 700 тонна дайын өнім шығаруға жетеді. Мұнда мұз­датылған полуфабрикаттар өндірудің автоматтандырылған  BARON 700A желісі  жұмыс істейді. Зауыттың өзінің жекеменшік техникалық қыз­мет көрсету стансасы бар және со­ның арқасында шығарылған өнім бағасына қосымша құн қосылмайды. Сондай-ақ өзінің технологиялық құрылғыларды өндіру мен жөндеуден өткізу цехы және шығарылатын өнімге қажетті экологиялық таза ауыл­­шаруашылық өнімдерін өсіретін жекеменшік шаруа қожалығы бар. Осындай жетістікке ие компанияның алға қойған негізгі мақсаты – өнді­ріліп жатқан өнімнің барлық тұты­ну­шыға қолжетімді болуы. Олар бұл үдеден шығып отыр. BARON  FOOD ЖШС-ның тауарлары бүгінгі таңда көрші Ресей нарығында үлкен сұра­нысқа ие.
Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған Талғар ауданындағы көшпелі брифингте зауыт директоры Ю. Литвинова айтты.
Жалпы, Талғар ауданында бүгінгі таңда осы BARON FOOD ЖШС се­кілді 8800-ден астам шағын және орта бизнес нысаны жұмыс істейді. Оларда  9,1 млрд теңгенің өнімдері өндірілген. Нәтижесінде бюджетке 5,1 млрд теңге қаражат түсіп, жалпы түсімнің 42,5 пайызын құраған. Сонымен бір­ге, шағын және орта бизнес саласында қазіргі таңда аудан бойынша 26 мыңнан астам адам жұмыспен қам­тылған.
Болат АБАҒАН, 
Алматы облысы