Негізгі бет  /  мақалалар  /  23 қарашаға жұлдыз-жорамал

23 қарашаға жұлдыз-жорамал

Айқын-ақпарат
790
23 қарашаға жұлдыз-жорамал

Тоқты

Сақ болыңыз, сіздің бақытыңыз бақкүндестердің мазасын кетіріп, олар зұлым тілдер мен айлакер сөздері арқылы кері әсер тигізуге тырысады. Сондықтан, бәрі сіздің қолыңызда екенің естен шығармаңыз. Өмірлік серігіңіз туралы жамандық естігенде, қызбалыққа салынбай, сабыр сақтай алсаңыз, өтірік пен шындықты бірден айыра аласыз.

 

Торпақ

Материалдық игілікке жетуге қойған бағытыңыз дұрыс, енді осыған қысқа жолды табуа талпыныңыз. Еңбегіңіз бекер кетпеген, бірақ бірінші жеңістікке жеткеннен кейін тоқтамаңыз! Өзіңіздің серігіңізге көңілі бөліңіз, бір жаққа серуендеуге, мейрамханаға немесе достарыңызға қонаққа барыңыз.

 

Егіздер

Айналаңыздағыларға жылы қабақ танытып, барынша жұмсақ, кішіпейіл болуға тырысыңыз. Тек сонда ғана ісіңіз алға баспақ. Көптің көзіне қандай да бір кері істеріңізбен көрініп қалмауға тырысыңыз. Бәріне де мұқият болыңыз.

 

Шаян

Кез келген тәуекелге дайын болыңыз. Бұл да ерлік, бұл да жағымсыз жағдайдан шығудың бір амалы. Бүгінгі күн қарбалас болатындықтан, бәріне де үлгеру үшін алдын ала жоспар жасап алғаныңыз жөн. Сондай-ақ шаршауға уақыт жоқ, өзіңізді барынша сергек ұстаңыз.

 

Арыстан

Өткен істі қазбалаудың қажеті жоқ. Одан да жаңаға бет бұрыңыз, бүгінгі күнмен өмір сүріп, болашаққа жоспар жасай білуге дағдыланыңыз. Өткен өміріңізден қандай да бір жағымсыз естелік болатын дүниелерді ойланбастан лақтырып тастаңыз. Алдыңызға қойған мақсатқа қарай ұмтылыңыз.

 

Бикеш

Айналаңыздағылардың қас-қабағына қарауға тура келеді. Сондықтан да әр ісіңіз бен сөзіңізге барынша мұқият болғаныңыз абзал. Жақындарыңыздың жанын ауыртпауға тырысыңыз. Қолыңыздан келгенін аямағаныңыз жөн.

 

Таразы

Қаржылық жағдайыңызды реттегіңіз келсе, қандай да бір істі қолға алмастан бұрын асыра сілтеп жібермеуді ойлаңыз. Өйткені оның да өзіндік кері әсерлері жетерлік. Сезімге бой алдырып, көз жұма тәуекелге барудан аулақ болыңыз.

 

Сарышаян

Болашаққа тек оңды көзқараспен қарап, бәрінің де жақсы болатынына сеніңіз. Айналаңызда орын алып жатқан жайттарға мұқият болыңыз. Ұсақ-түйектен де үлкен мәселенің шығуы мүмкін екенін есте ұстаңыз.

 

Мерген

Ештеңенің де құпия болып қалуы мүмкін емес екенін біліңіз. Қандай құпия болмасын, оның ашылар, аян болар күні бар. Сондықтан да жасырған шындығыңыз бір күні жарыққа шығары сөзсіз. Оны ұмытпаңыз. Құпия сақтап, уайымда жүргенше, оны айтып, арқаңыздағы жүктен арылғаныңыз өзіңізге пайдалы.

 

Тауешкі

Достың да досы бар екенін есте ұстаңыз. Амал дос пен адал досты ажырата біліңіз. Тек сонда ғана ісіңіздің оңды боларына сенім де мол болмақ. Жаныңызда тіреу болар адамдардың жүргенін білу де бір ғанибет. Көп ешкімге сеніп, бұл аптада ішіңіздегіні ақтарып салудың қажеті жоқ. Жағдайға қарай көсілгеніңіз жөн.

 

Суқұйғыш

Айналаңыздағыларға жылы қабақ танытып, барынша жұмсақ, кішіпейіл болуға талпыныңыз. Тек сонда ғана ісіңіз алға баспақ. Көптің көзіне қандай да бір кері істеріңізбен көрініп қалмауға тырысыңыз. Бәріне де мұқият болыңыз.

 

Балықтар

Қаржылық жағдайыңыз біраз қыспаққа алуы мүмкін. Сондықтан да қалтадағыңызды қанағат тұтып, оңды-солды жұмсауға болмайтынын есте ұстаңыз. Кешкі уақытыңызды жанұяңызға арнап, жақындарыңыздың жанында болыңыз.

Baq.kz