Негізгі бет  /  мақалалар  /  Еліміздің басым бөлігінде бұрқасын болады

Еліміздің басым бөлігінде бұрқасын болады

Айқын-ақпарат
864
Еліміздің басым бөлігінде бұрқасын болады  23 қараша күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, тек республиканың солтүстігі және шығысында тұрақсыз ауа райы болады, кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, қар жауып, бұрқасын күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші  15-20 м/с, кей жерлерінде екпіні 23 м/с, тұман күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, Жалаңашкөл ауданында желдің күші  17-22 м/с болады. Ақмола, Павлодар, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с  күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қарағанды  облысының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Ақтөбе, Қостанай  облыстарының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді. 

Қазақпарат