Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қосымша білім беру мәселелері талқыланды

Қосымша білім беру мәселелері талқыланды

Айқын-ақпарат
1165
Қосымша білім беру мәселелері талқыланды Астанада қосымша білім беру және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектепке дейінгі білім беру жүйесі дамыту ерекшеліктері мәселелері қаралды.

Талқылау «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалында «Білім беру» бағыты бойынша аймақтық куратор комиссиясының отырысында болды. 
  - Астана ауа-райы жағдайында қосымша білім алуда ғимартқа баланың ұзақ және қауіпті қозғалыспен жетуі негізгі қиындықтың бірі. Бүгінде Астана қаласында қосымша білім беру негізінен мемлекеттік мекемелерде шоғырланған. Бұл жағдай көбіне балалардың мүмкіндіктері мен қабілетіне сәйкес сабақтарға қатысуына таңдау еркіндігі мен қолжетімділігін шектейді, - деп «Білім беру» бағыты бойынша аймақтық партиялық куратор Зәуре Жүсіпова өтіп жатқан отырыстың маңыздылығын ерекше атап өтті. 
   Астана қаласы әкімдігінің «Білім басқармасы» ММ-нің қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімі басшысы Айгүл Қуатованың айтуынша, қосымша білім беруді қолжетімді және қауіпсіз етуде арнайы шаралар қабылданған. 
   - Қалалық мектептерде бұқаралық спортты дамыту мақсатында оқу жылы бойы спорттың 9 түрінен Астана қаласы әкімінің кубогы үшін спартакиада өткізу  жоспарланған. Астанада оқушылар арасында робототехника үйірмелері  танымал болып келеді. Ол қаланың 2 оқушылар сарйында жүргізіледі. Соның бірі М.Өтемісов атындағы оқушылар сарайында үйірмені «Қазроботикс» Қазақстан білім беру және спорттық робототехникалық федерациясы ұйымдастырып келеді. Үйірменің бағасы төменгі деңгейде 19000 тг, қала бойынша ол 25000 тг, – деп атап өтті А.Қуатова.
   Қазіргі уақытта елордада 12 мемлекеттік қосымша білім-беру ұйымдары қызмет жасайды, олардың ішінде 2-уі оқушылар сарайы, 3-еуі музыкалық мектептер, 2-еуі өнер мектебі, техникалық шығармашылық  орталығы, өнер мектебі, «Шығыс» жасөспірім орталығы, жас туристер бекеті, «Арман» спорттық – сауықтыру кешені. Астана қаласы мектептері жанынан 48785 оқушылардың қамтылуымен 1580 үйірме жұмыс атқарады. 
   Күн тәртібіндегі екінші мәселе - мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектепке дейінгі білім беру қолжетімділігі болды. Астана қаласы әкімдігінің «Білім басқармасы» ММ-нің мектепке дейінгі білім беру және оқыту бөлімінің басшысы Анар Смақованың айтуынша қазіргі күні 49000 баланы қамтитын, әртүрлі типтегі 261 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызмет атқарады. Астанада есепте 0 жастан 18 жасқа дейін дамуында ауытқуы бар 7968 бала тұр. 
- Елордада арнайы білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік бейімдеу үшін барлық жағдай жасалған. Бұл мақсаттарда тірек-қимыл жүйесі бұзылған балаларға арналған №64 «Асыл бөбек», көзі нашар көретін балаларға арналған №23 «Алтын бесік» секілді арнайы балабақшалар қызмет атқарады. Бұл балабақшаларға 300 – ге жуық бала барады, - деп баяндады ол.
   Әр жыл сайын арнайы түзеу топтарының санын арттыруда сүбелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, 2015 жылы сөйлеуге мүмкіндігі жоқ балалар үшін №15 «Дарын» балабақшасында 2 топ ашылды. Ал, 2016 жылы қаланың бірнеше балабақшасында сөйлеуге мүмкіндігі жоқ, психика.3лық дамуы тежелген және зияткерлік мүмкіндігі шектеулі (Даун синдромы) бар балаларға арналған 9 топ құрылды. Жалпы, 31 арнайы түзету мақсатындағы топтарда 320 бала тәрбиеленеді. 

 

        Таңшолпан Төлеген