Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жаңа Nissan Maxima

Жаңа Nissan Maxima

Айнұр Қазыкенова
966
Жаңа Nissan Maxima Жақында ғана ғаламтор беттерінде жаңадан шығып жатқан Тойота Камри-60-тың суреті жарияланғаны белгілі.

Сөз  жоқ, қазақстандықтар  үшін  Камри-дің орны бөлек. Азаматтарымыздың көбі  Тойтотаны қалайтыны белгілі.  Бірақ одан  Ниссан фирмасы да  қалысар емес. Жақында ғана олар Ниссан Максима (2016-2017 жылдар) көлігінің жаңа 8 буынын көрсетті. 

Көліктің әлемдік премьерасы  былтыр Нью-Йоркте өткен  автосалонда көрсетілген. Ниссан  Максиманың (Nissan Maxima)   сыртқы көрінісі қандай әдемі  болса, оның күш-қуатыда  ерекше. 300 аттың күші бар  бұл көлік 100  шақырымға  не бәрі  7 литр бензин жейді. Ал оның жылдамдығына бәсекелестері  Камри де,  Хонда да  жете алмайтын  көрінеді.Әзірге  бұл көлік Қазақстанға қашан келері белгісіз. Ал АҚШ-тағы бағасы 32400$  көлемінде. Ниссан Максима  үш түрлі (SL, SR және Platinum) нұсқада  шығуда. Ішіндегі қымбаты Platinum.Оның бағасы  шамамен  40 000$ көлемінде.  

                                             Айнұр Қазыкенова