Негізгі бет  /  мақалалар  /  Мәскеу сырттағы 14 миллион орыстың қамын ойлауда...

Мәскеу сырттағы 14 миллион орыстың қамын ойлауда...

Айнұр Қазыкенова
1163
Мәскеу сырттағы 14 миллион орыстың қамын ойлауда... Бүгінгі күні етек-жеңін жиып, әлденген Ресей сыртта қалған қандастарының қамын ойлай бастады.Тіпті ойлап қана қойған жоқ, қажет болса құқын қорғауды да қолға алды.

Әсіресе КСРО тарқап,  тәуелсіздікке қол  жеткізген  республикаларда  қалған  орыстардың  жай- күйі  Мәскеуді  бей-жай  қалдырар емес. Тіпті Украинада болған  мемлекеттік төңкерістен кейін  ресми  Мәскеу, Донбаста  Киевтегі  жаңа  үкіметке қарсы көтерілген  орыстарды қолдан келгенше демеді. Бүгінгі күні де қолдап  отыр. Сондай-ақ өзгеде республикалардағы орыстарды  қолдауға күш  салуда. Бір айта кететін жайт, КСРО тарқаған  кезде,  сыртта 25 миллион орыс қалды. Әрине  мұның бәрін орыс жұрты деп айта  қою қиын  шығар. Бірақ 1989 жылы жүргізілген санақта  одақтас  республикалардағы  25 миллион  адам  өзін «орыспын» деп көрсеткен екен. 90-шы  жылдардың басында солардың басым көпшілігі Ресейге оралды. Екі  жарым  миллионы өзге  ұлттың  құрамына кіріп, ұлттық белгілерін  өзгертті. Қазіргі дерек бойынша  әлі де14 миллион орыс  сыртта  көрінеді. Мәскеудің  тынышын алып жатқан  солардың қамы.  Бұдан біраз бұрын Путин бүкіл орысты елге шақырып, Ресейдің көркейуіне  үлес  қосуы керектігін айтқан. КСРО  кезінде  орыстардың  саны  Украинадан кейін Қазақстанда көп болған еді. Шамамен  алты  жарым  миллион  адам.Қазір қалғаны үш жарым  миллион. Аз емес.  Мәселе мұнда емес, мәселе  ресми Мәскеудің  сыртта қалған  қандастарын тек Донбастағыдай қарумен  ғана емес, ақпараттық салада да  қорғауы. Мәселен, ол елде 100  мыңға  жуық  БАҚ  тіркелген.   Оларға  бөлініп отырған  қаржы да  аз емес. Биылғы жылы  Ресей  қазынасынан  78,958  миллиард  рубь  бөлініп  отыр.  Ал бұдан  тыс,  өзге  елдердегі орыс тілді  ақпарат  құралдарын  қолдау  үшін  жыл   сайын   ондаған  миллиард  рубль  тағы да  бөлінеді. Биыл Астанада өткен Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының бас қосуында Ресей  президенті Владимир Путин одақтың ортақ ақпараттық кеңістігін құруды ұсынды.  Бұл  не? Әрине сырта қалған  қандастарының қамы. Олар өз тілінен, өз дәстүр-дінінен ажырап қалмасын, өзге топырақта  да Ресей саясатын жүргізе берсін деген  ұғым. Бәлкім  өзге өңірдегі ұлтын  осылай  қорғау  дұрыста шығар. Бұдан  үлгі алуда керек болар. Біз сыртағы 5 миллион қандасымызды Ресейдей  қорғап, олардың  ұлттық тілі мен дінінен,әдеп-дәстүрінен  ажырап  қалмау  үшін  не істеп  отырмыз.  Мәселе осында.

                                                                       Айнұр Қазыкенова