Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қайрат Нұртас патриоттық флешмоб бастады

Қайрат Нұртас патриоттық флешмоб бастады

Айқын-ақпарат
913
Қайрат Нұртас патриоттық флешмоб бастады Белгілі қазақстандық әнші Қайрат Нұртас ғаламтор желісінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай, #I_LOVE_KZ хэштегімен флешмоб бастады.

Әнші бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жариялады.

«Құрметті жазылушылар, достар! Еліміздің Тәуелсіздігі күніне дейін аз уақыт қалды, біз барлығымыз өз еліміз, Отанымыз  Қазақстанды сүйеміз, қазір мен Сіздердің әрқайсыларыңыздың Қазақстан жалауымен суретке түсіп, оны #I_LOVE_KZ xештегімен орналастыруға шақырамын! Еліміздің жалауымен селфиге, суретке түсіңіздер, дакфейс, снапчат жасаңыздар! Біздің идеямызды қолдаңыздар және достарыңыз бен таныстарыңызға жеткізіңіздер, Сіздердің барлық таспаларыңыз біздің жалаудың сары-көк түсімен жарқырай берсін! Елімізге деген маxаббатты осылай жеткізуге тырысып көрейік! Жылдағыдай Тәуелсіздік күнін жаңа жылдың көлеңкесінде қалдырмау өзімізге байланысты! Кеттік, достар!», - деп айтылады әншінің суретінің астында.