Негізгі бет  /  мақалалар  /  Шатыры құлаған базарға қатысты тергеу жұмыстары басталды

Шатыры құлаған базарға қатысты тергеу жұмыстары басталды

Айқын-ақпарат
843
Шатыры құлаған базарға қатысты тергеу жұмыстары басталды Алматы полициясы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

«Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Кешенді шаралардан соң процессуалды шешім қабылданады», - деп хабарлады қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске сала кетсек, оқиға 20 қарашада болды. Алматы ТЖД-ның ақпаратына сәйкес («Байсат» базарында ыдыс-аяқ сататын қатары) аумағы 720 шаршы метр сауда контейнерлері арасын жауып тұратын темір аспа қираған. Екі адам «103» қызметіне медициналық көмекке жүгініп, олар ауруханаға жеткізілген. 

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі Нұржан Исабековтың хабарлауынша, зардап шеккендердің бірі ауруханаға жатудан бас тартты, екіншісі №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. «Оның білегі сынған. Пациент учаскелік дәрігерлердің бақылауындағы амбулаториялық ем алуға жіберілді», - деді Н.Исабеков. 

Қазақпарат