Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ең жалқау мамандық иелері кім?

Ең жалқау мамандық иелері кім?

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
877
Ең жалқау мамандық иелері кім? Сарапшылар анықтағанындай, әлемдегі ең жалқау мамандық иелері программистер мен дизайнерлер болып шықты.

Ресейдің Superjob.ru зерттеу порталының мамандары әртүрлі мамандық иелерінің арасында сауалнама жүргізіп, кімнің жалқау екенін анықтаған. Сарапшылар 32 мамандық иесі болып табылатын 150 адаммен сөйлесіп, олардың жұмыс істеу қабілетін тексеріп, пысықтығы мен жұмысқа белсенділігін зерттеген. Ақырында, ең еңбекқоры мен жалқауы анықталған.
Сонымен зерттеу қорытындысы көрсеткендей, ең жалқау мамандық иесі программистер (33 пайыз), дизайнерлер (32 пайыз) болып шыққан. Бір қызығы, екі мамандық иелері де өздерін ақтап алуға тырысқан, Олардың ойынша, «жалқаулық жұмыс процесіндегі жетекші күш» болып табылады. 
Ал еңбекқор мамандық иелері қайсы? Ең пысығы да, шаршамайтыны да, еңбекқоры да күзетшілер болып екен. Бірақ олардың ішінде жалқаулары да (7 пайыз) бар көрінеді.