Негізгі бет  /  мақалалар  /  Калифорния АҚШ-тан тәуелсіздігін алмақ

Калифорния АҚШ-тан тәуелсіздігін алмақ

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1387
Калифорния АҚШ-тан тәуелсіздігін алмақ Демократтардың президенттік сайлауда жеңіліп, Ақ үйге Дональд Трамптың келуі көптеген америкалықтарға ой салған секілді.

Президенттік сайлаудың ыстығы басылмай жатып, кеше Калифорния штатының бастамашыл тобы АҚШ-тан тәуелсіздігін алу туралы мәселе көтерді.Калифорнияның тәуелсіздігін жариялау туралы референдумды өткізу 2018 жылға жоспарланып отыр.

Мұны ұйымдастырып отырған осы қаладағы Yes California атты қозғалыстың мүшелері. Соңғы бір аптада олар біршама қол жинап,  Бас прокурорға референдумды өткізу жөнінде арнайы ресми хат жіберді. Қазірдің өзінде қозғалыс жақтаушылары бұл бастамаға «Calexit» деген атау берді. Егер бас прокуратура шараны мақұлдаса, 2018 жылы Калифорния халқы АҚШ-тан тәуелсіздік алу туралы референдумда дауыс береді.

Жалпы Калифорнияның тәуелсіздігін жариялау туралы мәселе президенттік сайлауда Дональд Трамп жеңіске жеткенннен кейін іле-шала көтерілгені мәлім. Енді міне бұрын көтерілген бастама қазір қарқын ала бастағанға ұқсайды.

Осы орайда президенттік сайлауда жеңіліске ұшыраған Хиллари Клинтонның мына бір сөзі естен кетпейді:

-Мені  алаңдататыны,  АҚШ-тың  біз ойлағаннан да бөлшектеніп кеткенін көріп отырмыз, соған қарамастан мен Америкаға сенемін, - деген болатын Хиллари ханым. 

Ақиқатында, Америка бөлшектене бастады ма?!. Бірақ айта кетер бір жайт,

Калифорния штаты АҚШ –та халкының саны жағынан бірінші, аумағы жағынан үшінші орын алатын мекен. Мұнда 34 миллионнан астам халық тұрады.  Калифорнияда атақты Голлибуд бар, киноиндустрия және ойын сауықтарымен  ғана емес, кәсіпкерлік саланы дамытуға арналған мүмкіндіктерімен де даңқы шыққан штат. Калифорнияда дүние жүзіндегі жоғары технологиялар мен компьютерлер жасаудың ең ірі және ең табысты орталықтарының бірі — әйгілі Кремний жазығы (Силикон жазығы) орналасқан.

Мұнда компьютерлер мен оларды бағдарламалық жағынан қамтамасыз ету құралдарын шығаратын жетекші кәсіпорындардың штаб-пәтерлері, зерттеу орталықтары орналасқан.Силикон жазығында  мыңдаған адам жұмыс істеп, жүздеген миллион доллар ақша табады. Калифорнияда дәстүрлі саналатын авиағарыштық және кеме жасау қалаларының кәсіпорындары да жұмыс істейді. Алайда штаттың ең ірі қалалары Сан-Франциско мен Лос-Анжелесте электроника мен ойын сауық,  банк ісін қамтитын қызмет көрсету индустриясы жетекші сала болып табылады. 

 Сан-Франциско мен оның айналасындағы аумақта 7 миллионнан аса, ал АҚШ- тың батысындағы ең ірі метрополигендік аумақ болып табылатын Лос-Анджелесте 16 миллионнан аса адам тұрады.   Лос-Анжелестің  оңтүстігіне қарай Лос-Анджелес — Лонг-Бинч порты орналасқан. Ол АҚШ-Тынық мұхиты жағалауындағы ең ірі сауда порты.

Калифорния  - АҚШ-тағы ең бай штат. Бұл аумақта Америкадағы ең дәулетті 88 миллиардер тұрады. Осында жұмыс істейтін ондаған мың отбасының жылдық бюджеті 30 миллион долларды құрайды.

...Ендеше бай штаттың тәуелсіздікке ұмтылуы бекер емес шығар.