Негізгі бет  /  мақалалар  /  Роналду ашу үстінде өзінің қызтеке екенін мойындады

Роналду ашу үстінде өзінің қызтеке екенін мойындады

Айқын-ақпарат
936
Роналду ашу үстінде өзінің қызтеке екенін мойындады Испания чемпионатының 12-турында «Реал» шабуылшысы Криштиану Роналду мен "Атлетиконың" жартылай қорғаушысы Коке арасында болған келіспеушілік журналистердің назарын аудартты.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, киім ауыстыру бөлмесінде Роналду командалас жолдастарына Кокемен болған сөз таласы туралы айтқан. Коке атақты португалиялықты «гей» деп атаған, деп хабарлайды испандық COPE радиостанциясы. Роналду оның сөзін растап: «Иә, мен геймін, есесіне өте баймын», - деп жауап берген. Айта кетейік, қараша айының басында «Реалдың» Роналдуға ай сайын 2 миллион еуро төлейтіні хабарланған еді. Оның әлемнің сұлу әйелдерімен қарым-қатынастары туралы көп айтылып, көп жазылған еді. Бұл матчта "Атлетико" "Реалдан" 0:3 есебімен жеңілді және үш голды да Роналду салған. Кокенің Роналдуге шүйлігуінің себебі де осы болуы мүмкін.


inform.kz