Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ұлттық музейде «Қобыз сарыны» атты концерт өтеді

Ұлттық музейде «Қобыз сарыны» атты концерт өтеді

Айқын-ақпарат
1028
Ұлттық музейде «Қобыз сарыны» атты концерт өтеді Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде қобызшы Раушан Оразбаеваның «Қобыз сарыны» атты лекция-концерті өтеді.

Концерттің мақсаты - бүгінге дейін қаймағы бұзылмай жеткен қазақтың қобызшылық өнерін, оның өкілдері мен шығармаларын қалың көпшілікке насихаттау.

Шара барысында қонақтар қобызшы, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы Раушан Оразбаеваның дәрісін тыңдап, Астана қалалық № 1 музыка мектебінің «Қобыз-Рух» ансамблінің өнерін тамашалайды.

Аталған шара «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының «Дәстүрлі музыкалық мұра» атты музейлік бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.

Шараның басталуы 2016 жылдың 22 қарашасында сағат 16-30-ға жоспарланған