Негізгі бет  /  мақалалар  /  Алматыдағы балалар үйінен өрт шықты

Алматыдағы балалар үйінен өрт шықты

Айқын-ақпарат
784
Алматыдағы балалар үйінен өрт шықты Алматыда балалар үйі өртенді.

Өрт оқиғасы Бостандық ауданында қарасты Бағанашыл шағын ауданында Сырғабеков көшесінде болды. Өрт туралы хабар құзырлы органдарға сағат 23-03-тер шамасы кезінде келіп түскен. «Төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері хабарды алысымен оқиға орнына жетті. Олар өртті сөндірумен айналысып, бір мезгілде адамдарды қауіпсіз аймаққа көшірді. Қосымша ақпараттар кешірек болады»,-деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова. Еске сала кетейік, Алматыда осыған дейін ірі өрт оқиғасы 6 қараша күні Almaty Towers бизнес-орталығында орын алды. Осы оқиғаның салдарынан 6 адам мерт болды. Оқиға бойынша «Батут орталығы» ЖШС-нің директоры қамауға алынды.

Қазақпарат