Негізгі бет  /  мақалалар  /  22 қарашаға жұлдыз-жорамал

22 қарашаға жұлдыз-жорамал

Айқын-ақпарат
928
22 қарашаға жұлдыз-жорамал

Тоқты
Жақындарыңыз бен достарыңызға көмектесу біраз қиынға соғуы мүмкін. Сондай-ақ жеке өміріңізде орын алған кейбір жағдайлардың да сізге кері әсері болуы ғажап емес. Дегенмен оған бола уайымдамаңыз. Кез келген істе ақылыңызға жүгініп, барынша белсенділік таныта біліңіз.Ал күн соңында міндетті түрде өз дегеніңізге қол жеткізе аласыз.

 

Торпақ
Бүгін бәрі де алма кезек орын алмақ. Бірде тек биіктен көрінсеңіз, енді бір істе сізден төмен тұрар жан табыла қоймауы да мүмкін. Бұл жағдай көңіл-күйіңізге де біраз кері әсерін тигізуі ғажап емес. Сондықтан орын алған жағдайға ақылмен қарап, сабырлы болыңыз.

 

Егіздер
«Еңбегіне сай өнбегі» демекші бүгін қандай жетістікке болсын, тек маңдай теріңізбен жете аласыз. «Аспаннан салбырап түсер» еш сый бола қоймайды. Сондықтан да өз күшіңізге ғана сеніңіз. Кез келген жағдайға шынайы қарап, бос қиялдан арылыңыз.

 

Шаян
Өткен қателіктерден сабақ ала біліңіз. Сүйгіңізбен жақсы қарым-қатынаста болу үшін оның əр сөзіне мұқият зер салып тыңдаңыз . Жарнаманың сізге қажеті жоқ, онсыз да көптің назарында екеніңізді ұмытпаңыз. Тек әр істе бірінші болуға талпыныңыз.

 

Арыстан
Кез келген істі аяғына дейін апарар күш-жігеріңіз жетерлік. Сондықтан да тек еңбектене біліңіз. Үлкен жобаларды да еш күмәнсіз қолға алыңыз. Оның жемісті боларына сеніңіз. Материалдық жағдайыңызды жақсартуда кәсіби шеберлігіңіздің орны бөлек.

 

Бикеш
Ертеңгі күннің қалай болатыны сізді қатты мазалайды. Дегенмен сонша абыржудың қажеті шамалы. Бәрі де өз кезегімен орын алуда. Тек барынша еңбек етіңіз, қарап жатпаңыз, алға жылжыңыз.

 

Таразы
Жақын уақытта қомақты қаржыға ие болуыңыз әбден мүмкін. Жеке өміріңізде беделіңіз жоғарлауыңыз да ғажап емес. Сондықтан да тағдырдың мұндай үлкен сыйын уыстан шығарып алмауға тырысыңыз. Əр қолға алған істі тиянақты орындауға тырысыңыз.

 

Сарышаян
Жеке қызығушылықтарыңызды бірінші орынға қоюдан бұрын, оның айналадағы адамдарға қаншалықты әсер ететінін жақсылап ойлағаныңыз жөн болмақ. Достарыңызбен ара қатынасыңыздың суып кетпеуі үшін, әрдайым айналаңыздағы болып жатқан дүниеден хабардар болуға тырысыңыз.

 

Мерген
Бәрі де сіз ойлағандай бола бермеуі мүмкін. Сондықтан да орын алған жағдайға икемделе біліңіз. Мәселенің мән-жайына бармай, айналаңыздағылардың көңілін қалдырып алмаңыз. Әр істі ақылмен істеуге дағдыланғаныңыз абзал. Көптің ақыл-кеңесіне құлақ түріңіз.

 

Тауешкі
Жағдайға қарай икемделуіңіз қол созған армандарға мол мүмкіндік ашпақ. Жақсы ниетті жандардың көмегі де көп болмақ. Күннің екінші жартысын тұрмыста орын алған сұрақтардың жауабын табуға жұмсаңыз. Тынымсыз қарбаластан біразға қол үзіп, демалып алғаныңыз да жөн.

 

Суқұйғыш
Әркез іскер жандардың жанынан табылуға тырысыңыз. Өйткені олардың көмегі сізге көп болмақ. Бүгін сіздің қолға алған ісіңізге қызығушылық танытушылар қатары артады. Бұл сәтті тиімді пайдаланғаныңыз жөн. Әр істе белсенділік таныта білуіңіз көптен бері бірінші орында тұрған мәселелердің шешімін табуға көмек болмақ.

 

Балықтар
Бүгін қолыңызға алған кез келген шаруаны оп-оңай дөңгелетіп кете аласыз. Сондықтан да еш жүрексізбеңіз. Бұған сіздің өмірлік тәжірибеңіз де, білім-біліктілігіңіз де, күш-жігеріңіз де жетіп жатыр. Сондай-ақ қиындыққа қолын ұшын беруге әзір достарыңыздың бар екенін де естен шығармаңыз.

Анабол.кз