Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жапонияда қуатты жер сілкінісі болды

Жапонияда қуатты жер сілкінісі болды

Айқын-ақпарат
926
Жапонияда қуатты жер сілкінісі болды Жапонияда 7,3 магнитудалық жер сілкінісі болды. Бұл туралы АҚШ-тың геологиялық қызметінің сайтынан хабарланды, деп жазды lenta.ru.

Жерасты дүмпулері дүйсенбі күні, 21 қарашада сезілді. Зілзаланың ошағы жағалаудағы Иваки қаласынан шығысқа қарай шамамен 60 км жердегі теңізде болды. Дүмпу 10 км тереңдіктен басталған. 2011 жылдың 11 наурызы күні елдің тарихындағы ең қуатты жер сілкінісі болды. Хонсю аралының шығыс жағалауында тіркелген қуаты 9,1 магнитуда болатын дүмпулерден соң цунами көтерілді. Апат «Фукусима-1» атом электр станциясының жарылуына әкеліп соқтырды. Онда реакторларды салқындатып тұратын жүйе істен шыққан еді. Бұл жағдай нысанның қорғаныс жүйесіне нұқсан келтіріп, станция орналасқан аймақ түгелдей радиоактивті заттармен уланды. Станция аймағын 300 мыңға жуық тұрғын тастап шықты.

Қазақпарат