Негізгі бет  /  мақалалар  /  Биіктігі 1 метр цунами «Фукусима-1» АЭС-ке жетті

Биіктігі 1 метр цунами «Фукусима-1» АЭС-ке жетті

Айқын-ақпарат
899
Биіктігі 1 метр цунами «Фукусима-1» АЭС-ке жетті Қуаты 7,4 балдық жойқын жер сілкінісінен кейін биіктігі 1 метр болатын цунами толқыны Жапонияның апатқа ұшыраған "Фукусима-1" атом электр стансысына дейін жетті.

Агенттіктің Tokyo Electric Power оператор-компаниясына сілтеме жасап жазуынша, дәл осындай толқын көршілес "Фукусима-2" стансысына да жеткен. Онда штаттан тыс жағдайдың туындағаны жөнінде ақпарат түскен жоқ. Еске салайық, бүгін жергілікті уақытпен 05:59-да (мәскеу уақытымен сағат 23:59) Фукусима префектурасының солтүстік-батысында 7,4 балдық жер сілкінісі болды. Зілзаладан кейін цунами туындап, оның екпіні Фукусима префектурасына қауіп төндіруі мүмкіндігі туралы хабарланған болатын.  Жапония Ұлттық метеорологиялық басқармасының мәлімдеуінше, апат кіндігі префектураның шығысына қарай орналасқан, ал ошағы мұхит түбінде 25 шақырым тереңдікте болды. Цунами қаупі әлі де сақталуда, толқын биіктігі 3 метрге жетуі ықтимал. Жер сілкінісінен кейін "Фукусима-2" АЭС-тің үшінші реакторында қолданылған ядролық отын бассейнін салқындату жүйесінің тоқтауы орын алды.  Бір сағаттан соң оның жұмысы қалпына келтірілді және радиацияның ағуы анықталған жоқ.

Қазақпарат