Негізгі бет  /  мақалалар  /  Грант құны – 100 миллион доллар

Грант құны – 100 миллион доллар

Айқын-ақпарат
606
Грант құны –  100 миллион доллар Білім және ғылым министрлігі алдағы үш жылда ғылыми жобалаларды 100 млн доллардай халықаралық грантпен қамтамасыз етпек.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған форумда Білім және ғылым вице-министрі Асланбек Әмрин «халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың ашылуы туралы келісімді ратификациялау үдерісі жүріп жатыр. Қазақстанда Ортаазиялық өңірдегі халықаралық жобаларды, сондай-ақ қазақстандық жобаларды қаржы­ландыру бойынша шешімдер қабылдауға қолжетімділік бар. 20 жылда ресейлік тарап жобаларға 425 миллион доллар алды. Біз үш жылда ғылыми жобалар үшін 100 млн долларға дейін халықаралық гранттар тартуды болжап отырмыз» деп атап өтті. 
Естеріңізге сала кетсек, халықаралық ғылыми-техникалық орталық 38 мемлекет кіретін үкіметаралық ұйым болып табылады. Орталық ядролық қаруды таратпауға жәрдемдесу мақсатында 1992 жылы құрылған. Бастапқы кезеңде ЕЭҚ, РФ, АҚШ, Жапония арасындағы келісімдерге қол қойылды. Одан әрі оған Армения, Грузия, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Норвегия, Корея, Тәжікстан қосылды.
Әмірлан Мәулен