Негізгі бет  /  мақалалар  /  «Нұр Отан» партиясы: Әлеуметтің барлық мәселесі – назарда

«Нұр Отан» партиясы: Әлеуметтің барлық мәселесі – назарда

Айқын-ақпарат
903
«Нұр Отан» партиясы:  Әлеуметтің барлық мәселесі – назарда Жастар жемқорлықты талқылады

 «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалының жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Қоғамдық комиссиясының мүшелері орта арнаулы оқу орындарының студенттерімен кездесу өткізді. 

Шараның басты мақсаты – жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін талқылау, жастар арасында жем­қор­лықтың кез келген белгілеріне төзбеушілікті қалып­тас­тыру. Шара барысында жемқорлыққа қарсы күрес жө­ніндегі Қоғамдық комиссия мүшелері жемқорлық мем­лекеттік мекемелерге деген сенімді жойып, мем­ле­кеттік бағдарламалардың сәтті орындалуына, қоғам­дағы патриотизмге жағымсыз әсер ететіндігін атап өтті. Жастарға жемқорлықпен күрес жөніндегі 2015-2016 жылдарға арналған партиялық бағдарламаның не­гізгі бағыттары түсіндірілді.
Колледж оқушыларының ойынша жемқорлықпен күрес лауазымды тұлғалардан ғана талап етілмеуі тиіс. Аза­маттар да сыбайлас жемқорлықтың орын алуына жол беріп жатады.
Сондай-ақ жастар жемқорлыққа қарсы ерекше, тар­тымды жарнамалар пайдалануға ұсыныс жасады. Осы тақырыпқа орай шығармашылық байқаулар ұйым­дастыруға тілек білдірді. Партия мүшелері «Нұр Отан» партиясының жыл сайын жемқорлық тақы­ры­бына орай карикатуралар байқауын жариялай­тын­ды­ғын тілге тиек етті. Студенттерді әлеуметтік желілерде жем­қорлықтың алдын алатын шараларды насихаттауға ша­қырды. «Нұр Отан» партиясы мен «Жас Отан» ЖҚ фи­лиалдары өткізетін арнаулы шараларға қатысуға ұсы­ныс жасады. 
Кездесуге қатысушылар мемлекеттік органдар мен же­кеменшік ұйымдар бірлесіп, жастар қолдап, жем­қорлық дертіне қарсы бас біріктіру қажет деген тұ­жы­рым­ға келді.
Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА,
Қарағанды облысы