Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ынтымағымыз жарассын!

Ынтымағымыз жарассын!

Айқын-ақпарат
1184
Ынтымағымыз жарассын! «Нұр Отан» партиясының Индер аудандық филиалының мәжіліс залында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық» тақырыбында пікірсайыс ұйымдастырылды.

 Пікірсайысқа қатысқан аға буын мен жастардың кездесуінде өміршең істер мен жауапты асуларды бағындырудағы міндеттер туралы айтылды.

Сайыстың мақсаты – жастар арасында пі­кірсайыс қозғалысына қолдау көрсету, Қа­зақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы ая­сында келелі тақырыптарды талқылай отырып, мем­лекеттің, халықтың бірлігі мен барлық қа­зақ­стандықтардың Мәңгілік ел құнды­лық­тары­ның аясында топтасуын одан әрі нығайту және ел жастарының азаматтық және шығармашылық белсенділігін арттыру.
Бірлік пен ынтымақ, келісім туралы кеңінен қоз­ғалған пікірлесуде, Ардагерлер кеңесінің тө­рағасы Өтеп Нұриев «Ең алдымен ынтымақ, бір­лік болған жерде – елдің татулығы, ауыз­бір­шілігі нығая түседі. Қазір елдің жағдайы жақсы, өзіңе қажетті білімді алып, қалаған жұмысыңды тауып, тұрмысыңды жақсарту өзіңе байланысты. Оған қоғам барлық мүмкіндікті жасады, тек өзің ерінбесең, ізденсең болғаны. Міне, бұл – қазіргі қо­ғамның басты айырмашылығы» деп, қазіргі жас­тарды бауырмал, еңбексүйгіш, білім жолына түс­кен парасатты жан ретіңде көргісі келетінін айт­ты. 
Ал Тәуелсіздік құрдасы, аудандық кәсіп­кер­лер палатасының маманы Дәурен Сағынғалиев, өз елінде, туған жерінде білім алып, өз ауылында жұ­мыс істеп жатқанын мақтанышпен айтты. «Жұ­мысқа орналасқан уақытта аға буын өкіл­дерінің ақыл-кеңестерін тыңдадым. Тәуелсіздік құр­дастарын аға буын салып кеткен дәстүрге адал­дық танытып, барынша жалғастыруға ша­қырамын» деді ол. 
Еркін пікір алмасу кездесуінде, «Нұр Отан» партиясы Индер аудандық филиалы төраға­сы­ның бірінші орынбасары Өтепберген Темір­ға­лиұлы тәуелсіздік алған алғашқы күндерден бас­тап Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев еліміздегі бей­бітшілікті сақтап қалуға ерекше көңіл бөл­гендігін әңгімеледі. «Елбасының орамды ойы мен ұтымды қадамдары нәтижесінде Қазақстан бү­гінде басқа елдерге келісім мен бірліктің, татулық­тың үлгісін танытты. Бүгінде елімізде қақ­тығыстар жоқ, елімізді толықтырған әр ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр» деп атап өтті.
 Елдегі бірлік пен ынтымақты орнықтыра түсу­де, жастардың маңызды қадамдарға қаймық­пай қадам жасауы қажеттігіне басымдық ойлар айтылды. 

 

Тұрсын ҚАЛИМОВА,

Атырау облысы