Негізгі бет  /  мақалалар  /  Тегін заңгерлік көмек көрсетілді

Тегін заңгерлік көмек көрсетілді

Айқын-ақпарат
1070
Тегін заңгерлік көмек көрсетілді «Әділет кеңес береді» атты республикалық акция аясында «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалында бірыңғай қабылдау күні биыл төртінші рет өткізілді.

Бұл жолы азаматтардың өтініштерін облыстық Әділет де­­партаменті қызметкерлері, заңгерлер және нотариустер, сон­дай-ақ Республикалық жеке сот орындаушылары па­ла­тасының өкілдері қарады. 
Осы қабылдау барысында облыс тұрғындары өздерін тол­ған­дырып жүрген маңызды мәселелер жайлы баян­да­ды. Со­ған байланысты ақыл-кеңес сұрады. Нақты жауап алды. 
Мәселен, жүздесуде ата-аналардың алиментін дер кезінде тө­лемейтіндігі айтылды. Қала тұрғыны Самал Жарылқасынова  күйеуі  әкелік парызын өтемей, балаларына алимент төлеуден қаш­қақтап жүргендігін  қынжыла жеткізді. Самалдың бұрын­ғы жұбайы қазіргі уақытта «Ырыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс істейді екен. Сондықтан алимент төлеу мәселесі шешімін табады.  
Сондай-ақ жылжымайтын мүлікке байланысты келген Еле­на Гадированың мәселесі де қаралды. Оның айтуына қара­ғанда, күйеуі екеуі 2007 жылы пәтер сатып алған. Алайда отағасы сол жылы қайтыс болғаннан кейін  пәтерді сатып алу-сату шартына қол қою жайы аяқталмай қалған. Арыз беруші бұл пәтерде 15 жыл бойы өзінің кәмелетке толмаған қызымен бірге тұрып жатыр. 
Қабылдау кезінде осы жайға қатысты өтініш иесіне тү­сініктеме берілді. Аталған пәтер 2016 жылдан бері аудандық ішкі істер бөлімінің балансында. Елена Гадированың қолында тиіс­ті құжаттар бар. Ол қызымен біраз жылдан бері әлгі пә­терде ғұмыр кешіп жатыр. Сол себептен де арызданушыға сот­қа жүгіну ұсынылды. 
Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Б. Жол­дыбаева атап өткендей, «Әділет кеңес береді» атты респуб­ли­калық акциясының аясында облыстың көптеген тұрғын­дары өздеріне қажет заңға байланысты нақты  кеңестер алып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қоюға толық мүмкіндік алды. 

Оразалы ЖАҚСАНОВ,
Қостанай облысы