Негізгі бет  /  мақалалар  /  Партиялық жобаларға айқын мақсат пен нақтылық тән

Партиялық жобаларға айқын мақсат пен нақтылық тән

Айқын-ақпарат
1099
Партиялық жобаларға айқын мақсат пен нақтылық тән Жуырда «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

 Батыс Қазақстан облысының әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Алтай Көлгінов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев, партияның аудандық филиалдарының төрағалары мен бірінші орынбасарлары, барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары қатысқан жиын барысында күн тәртібіне үш мәселе қойылды.

Бірінші мәселе бойынша, яғни, пар­тия­ның облыстық филиалы саяси кеңесінің 2015-2016 жылдары атқарған жұмыстары жө­нінде Алтай Көлгінов баяндама жасады. Ал­тай Сейдірұлының мәліметіне қарағанда, қа­зіргі кезде Орал өңірінде 271 бастауыш пар­тия ұйымы бар. Партияның бұл бас­тауыш отауларында 33336 мүше есепте тұр­ған көрінеді. Биылғы жыл басынан бері пар­тия филиалының мүшелері 7297 адамға кө­бейген. Жер-жердегі бастауыш ұйымдар тұр­ғындармен тікелей байланыс жасап, Ел­басы саясатын жан-жақты түсіндіріп, өзек­ті мәселелерді шешу бағытында ат­қару­шы билік тарапынан қолға алынған іс-шараларды көпшілікке жеткізіп жүр. Соңғы екі жыл ішінде бастауыш партия ұйымдарындағы практикалық жұмыстар жандандырылды. Есеп беру-сайлау жиын­дарында 271 бастауыш партия ұйымы төра­ғасының 40-ы ауысты. Жалпы, облыстық филиал тарапынан аумақтық бөлімшелерге ұйымдастыру және әдістемелік көмектер жүйе­лі түрде көрсетіліп келеді, бөлімше қыз­меткерлері мен бастауыш партия ұйы­мы басшылары үшін оқыту семинарлары ұйымдастырылады.
– Облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» пар­тиясы депутаттық фракциясының сәуір айында алғашқы отырысында жеті бағыт бойынша жұмыс мақсаттары айқындалды. Ко­миссия отырыстарынан кейін ұсыныс­тар қабылданып, олар партияның орталық аппараты арқылы партиялық тәлімгерлерге, яғни, Парламент Мәжілісінің депутат­та­ры­на жолданып келеді. Сайлауалды бағдар­ламаның мақсатты индикаторлары мен нә­тиже көрсеткіштерінің орындалуы фрак­ция отырыстарында, саяси кеңес бюро­сын­да тыңдалады. Айталық, «Білім» бағыты бойын­ша балаларды мектепке дейінгі ұйым­мен қамту 81,6%-дық меже көзделсе, бү­гінде ол 99,7%-ға орындалып отыр. Бү­гінде мүмкіндігі шектеулі балалардың 85%-ы білім алумен қамтамасыз етілген, бұл өт­кен жылмен салыстырғанда 5%-ға артық. «Ден­саулық» бағыты бойынша облыс хал­қының орташа өмір сүру ұзақтығы 71,7 жас­ты құрайды, бұл көрсеткішті 2020 жыл­ға дейін 73 жасқа жеткізу қажет. «Жұмыспен қамту және халықтың әлсіз топтарын әлеу­меттік қолдау» бағыты бойынша әлеуметтік кө­мек көрсету көздеген межеге жетті. Азаматтарды тұрғын үймен қамту жоспарға сәйкес уақтылы орындалуда. «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша барлық қызмет көрсетудің ішінде электронды түр­де мемлекеттік қызмет көрсету 65%-ды құра­ды. «Кәсіпкерлікті қолдау» бағытында «Бизнестің жол картасы – 2020» бірыңғай бағдарламасының жүзеге асыру мақсатында инфрақұрылым және несиелер сомасы 70 млрд теңгеге жетіп, 599 жоба мақұлданды. 22,4 мың жұмыс орны сақталып, қосымша 4,2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрыл­ды» деді Алтай Көлгінов.
Партияның облыстық филиалындағы ба­қылау-тексеру комиссиясының 2015-2016 жылдары атқарған жұмыстарының есе­бін тыңдау жиынның күн тәртібіндегі екін­ші мәселе болды. Бұл туралы аталмыш ко­миссияның төрағасы Самат Оспанов сөз сөй­леді.
Жиындағы үшінші мәселе – ұйымдас­тыру мәселелеріне арналды. Онда партия­ның облыстық филиалындағы саяси кеңес құрамына енгізілген өзгерістер баяндалды және бақылау-тексеру комиссиясының тө­ра­ғасы Самат Оспановтың өтінішіне бай­ланысты атқарып жүрген міндетінен бо­са­тып, оның орнына Төлеген Мерға­лиев­тің кандидатурасы ұсынылып, ол бі­рауыздан қолдау тапты. 
Конференцияны қорытындылап сөй­леген «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қа­ныбек Жұмашев партия тарапынан қол­ға алынып жатқан іс-шараларға тоқталды. Со­ның бірі – Парламент депутаттарымен қа­былданған заңдарды қадағалау. «100 нақ­ты қа­дам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бай­ла­ныс­ты 59 жаңа заң қабылданған. Сол заң­дар өмірге қаншалықты енді, олардың игі­лігін ха­лық көріп жатыр ма? Міне, осын­дай қада­ға­лау жұмыстары партияға тап­сы­рылған екен. 
Енді «Ұлы дала елі» жобасына «Ұлы да­ла қазынасы» тұжырымдамасы қосыл­мақ. Қазақстан – аспан астындағы мұра­жай­лы ел. Сондықтан мәдени мұрала­ры­мыз­ды, құндылықтарымызды сақтау ісіне пар­тия да атсалысатын болады. Елбасы тап­сырмасына сәйкес, биыл біз алғаш рет оқу­мен, жұмыспен қамтылмаған жастарды есеп­ке алып, оларды оқуға, жұмысқа орна­лас­тыру бағытында көп қызмет істедік. Пар­тияның орталық аппараты тиісті ми­нистрлік, комитет, өзге де құзырлы құры­лым­дардан биылғы және одан бұрынғы жыл­дары ҰБТ-ға мүлдем қатыспаған, ал қа­т­ысқандардың ішінде шекті деңгейден тө­мен балл жинаған мектеп түлектерінің са­ны, олардың қайда жүргені, тағдыры тура­лы мәлімет сұрағанда, жөнді ақпарат ала алмады. Осы олқылықтың орнын тол­тыруды партия қолға алды. Мысалы үшін айтсам, биыл мұндай жандардың қатары 51397 жасты құрады. Соларды көбі оқуға, жұ­мысқа және қайта даярлау курстарына жі­берілді. Енді 3022 жас қалды. Партия тө­рағасының бірінші орынбасарының тап­сырмасына сәйкес, міне, осы қалған жас­тар­ды желтоқсанның ортасына дейін оқуға не жұмысқа орналастыруымыз керек. Ба­тыс Қазақстан облысы бойынша қазір төрт адам қалып тұр. Партияның Ақ Жайық өңірі бойынша тәлімгері бол­ған­дықтан, бәріміз бірігіп, осы жаста­ры­мыз­дың мә­селесін шешуіміз қажет. Сонымен қатар ал­ты жан ауруханада жатыр. Емделіп шық­қасын оларды да орналастыруды на­зардан тыс қалдырмайық. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыс белсенді түрде жүр­гізілетін болады» деді Қаныбек Бек­бо­латұлы.
Жиын соңында «Үздік бастауыш партия ұйымы» аталымдарының және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес тақырыбындағы к­арикатуралар сайыстарының жеңім­паз­дары марапатталды. 

Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН, 
Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ, 
Батыс Қазақстан облысы