Негізгі бет  /  мақалалар  /  Мен Қазақстанды сүйемін!

Мен Қазақстанды сүйемін!

Айқын-ақпарат
1087
Мен Қазақстанды сүйемін! Ақтау қаласында осы тақырыппен жастар акциясы өтті. Шара аясында жасотандықтар еліміздің көк байрағымен селфи жасап, «kz» деген жазуды бейнелеген флешмоб ұйымдастырды.

– Бүгінгі шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ұйымдастырылды. Мерейтойға орай жал­пы 25 шара өткізу жоспарланған, оның 20-сын ұйымдастырдық. Басты мақсат – егемен елі­міздегі отансүйгіштік сезімді арттыру, жастарды елінің патриоты болуға тәрбиелеу, еліміздегі бір­лік пен татулықты насихаттау. Бүгінгі шараға Астанада Елбасы қатысатын жастар форумына ба­ратын жасотандықтар да қатысты. Барлық жастарға алғыс айтамын, – дейді «Жас Отан» жастар қа­наты Ақтау қалалық бөлімшесінің басшысы Айтжан Шоқанов.
Жалпы, облыс орталығында 700-ге жуық жас «Жас Отанның» мүшесі саналады. Олардың арасынан таңдалып алынған 20 жас елордада Тұңғыш Президент күніне орай өтетін форумға қатыспақ.
Венера МИРЛАН,
Маңғыстау облысы