Негізгі бет  /  мақалалар  /  Алматыда жаяу жүру дәуірі басталды

Алматыда жаяу жүру дәуірі басталды

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ
1030
Алматыда жаяу жүру дәуірі басталды Алматы көшелерінде электр желісінде болған апат салдарынан үлкен кептіліс орын алуда, деп хабарлайды "Айқын.кз" тілшісі.

Қазір қалада Абай даңғылы мен оған қиылысатын бірнеше көшеде тығыз көлік кептілісі орын алған. Сағат 14:00-де 50-ге жуық троллейбустың осы апаттан тұрып қалуы кешкілік қалыптасқан көлік тығынына алып келді. Салдарынан қоғамдық көліктер мен жеке көліктер межелеген жерлеріне жете алмай, кептелісте сағаттап тұруларына мәжбүр болуда.

Троллейбус маршруттары кешкілік іске қосылғанымен, бағдаршамның істен шығу да қолайсыздық тудырып отыр. Ал қоғамдық көлік уақытынан сағаттап кешігіп келуде.

№92 бағыттағы жүргізушінің айтуынша, бұған автобустар мен троллейбустардың қысқы дөңгелектерге толық ауыспауын алға тартты. Оның сөзінше, қаладағы қоғамдық көліктерге қысқы дөңгелектер жетіспей отырғаны, ал осы бағытта 6 автобус, №32 бағытта 4 автобус қана қатынап жатқанын хабарлады. Бұл мәселе бойынша басқарма өкілдері алдағы күндері шешімін табады деп айтып отыр. Ал сағаттап кешіккен автобус пен ұзаққа созылған көлік тығыны салдарынан халық  жаяулап жетудің қамына кіріскен.

 

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ,

суреттерді түсірген автор