Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ағзаны тазартудың жолдары

Ағзаны тазартудың жолдары

Жолдасбек Дуанабай
1229
Ағзаны тазартудың жолдары Асқазан өте сезімтал. Титтей ғана ащы-тұщы немесе майлы тамақ ішсеңіз, дем де екі бүктеліп жатып қалуыңыз мүмкін. Сондықтан асқазанға өте жағымды ас ішу ғана дағдыланатындар көп.

Жұғымды тағам ішкі ағзаның қан айналымын жақсартып, тағамды қорытуды тездетеді. Ол қандай тағамдар?
1. Қырыққабат
Бұл С витаминіне бай, холестеринге жақсы қарсы тұрады, ағзаның тез қартаюын болдырмайды.
2. Күріш
Күріш болғанда да оның қоңыр түстісі. Толық тазартылмаған күріш пайдалы екен. Өйткені онда көптеген пайдалы заттар жоғалып кетпейді. Ол бойдағы қуатты сақтап, ағзаны түрлі зиянды қалдықтан тазартады.
3. Қызылша
Көкөніс құрамындағы бетаин өте пайдалы әрі ағзадағы уытты қышқылдарды азайтып, жүрек қызметін жақсартады. Сонымен қатар оның кіші дәретті жүргізетін, ағзаны ауыр металдардан тазартатын қасиеті бар. 
4. Алма.
Бұл жеміс адамның асқа деген тәбетін ашады. Оның құрамындағы пектин бүйректегі артық майды жояды. 
5. Қызыл бұрыш
Бұл көкөніс құрамындағы «капсаицин» деп аталатын дәруменімен белгілі. Ол бұрыштың ащы қалпын сақтап, асқазанның белсенділігін арттырады, зат алмасу үрдісін жақсартады. Осылайша май жасушаларын жаңқалап, ас қорыту барысында артық қуатты үнемдейді. 
6. Зәйтүн майы
Ағзада холестериннің азаюына ықпал ететін бірден бір ас.
7. Балдыркөк пен қияр
Бұл ас өнімдерінің құрамында су көп әрі пайдалы заттарға толы. Зәр айдау қасиеті басым, ағзадан қышқылдар мен майларды жояды.