Негізгі бет  /  мақалалар  /  М. Монроның көйлегі 4, 8 миллион долларға сатылды

М. Монроның көйлегі 4, 8 миллион долларға сатылды

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1097
М. Монроның көйлегі 4, 8 миллион долларға сатылды Әрине атақты әншінің көйлегін алу бақыты кімге бұйырғаны белгісіз.

Бірақ әлемге танымал әртістің бұйымдарын аукцион арқылы сатып алып, қайтадан сату қазіргі кезде тәп-тәуір  бизнеске айналып барады.

Бұл көйлекті Мэрилин Монро 1962 жылдың 19 мамырында АҚШ-тың 35- президенті Джон Кеннедидің туған күнінде киіп, ән айтқан. Президент 45 жасқа толған күні Нью-Йоркте 15 мың көрерменнің алдында  «Happy Birthday to You» әнін шырқаған атақты әртістің құнды көйлегі 54 жылдан кейін қымбат бағаға сатылып отыр. Жартылай жылтырап тұратын бұл қымбат көйлекті француз дизайнері Жан Луи тіккен болып шықты.

Аукционға Монроның жиһаздары, суреттері мен басқа да заттары қойылды. 36 жасында кенеттен өмірден өткен әншінің жәдігерлері мен қолданған заттары қазір аукуционға жиі қойылып, миллиондаған долларға сатылып жатыр.