Негізгі бет  /  мақалалар  /  Месси 6 айдың жалақысын қалтасынан төледі

Месси 6 айдың жалақысын қалтасынан төледі

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
875
Месси 6 айдың жалақысын қалтасынан төледі «Барселона» клубының ойыншысы әрі Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси футбол қауымдастығына қарайтын компания күзетшілерінің еңбекақысын төледі.

Алты айдан бері жалақыларын ала алмай жүрген күзет бөлімінің қызметкерлері сөйтіп, атақты футболшының арқасында бір байып қалды.

2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезінде Бразилия құрамысынан 3:0 есебімен ойсырай ұтылған аргентиналықтардың әзірге кесте бойынша 5 орында келеді. Бұл туралы кейінірек.

Ал ойын біткен соң, ойыншылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күзет бөлімінің жігіттері Мессиге келіп, қалыптасқан қиын материалдық жағдайды айтып, көмек сұраған.

Мұнан кейін Месси дереу шешім қабылдап, бұл жөнінде әкесін хабардар еткен. Артынша күзет бөлімінің қызметкерлері жалақысын түгел алып, Мессиге алғыс сезімін білдірген. Алайда атақты футболшы бұл жөнінде ешкімге тіс жармауды өтінген.

Дегенмен, Оңтүстік Америка зонасында бесінші орында келе жатқан Аргентина Ресейдегі әлем біріншілігіне бару үшін тағы бір кездесу өткізеді. 24 наурызда Аргентина Чили құрамасымен кездеседі.