Негізгі бет  /  мақалалар  /  Салмағы 500 келі тартатын жігіт орнынан тұрды

Салмағы 500 келі тартатын жігіт орнынан тұрды

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
772
Салмағы 500 келі тартатын жігіт орнынан тұрды Мексиканың Агуаскалиентес қаласының тұрғыны Хуан Педро Франко алты жылдан кейін ғана барып орнынан тұрды.

Өйткені оның қозғалуы қиын, салмағының өзі 500 келі тартады. 32 жастағы дәудің көшеге шығуының өзі арман болған. Енді оған дәрігерлер көмектесуге мәжбүр болды.  Өйткені оның салмағы ай сайын ауырлап, орнынан қозғалуының өзі мұң болып бара жатыр. Мұны түсінген мамандар Хуанның жағдайы қиындап бара жатқан соң ауруханаға жатқызуға ұйғарды. Оны көтеріп сыртқа шығаратын адамдар бұл қадамға бірнеше күн  дайындалғанын да айта кету қажет. Дәрігерлер, санитарлар мен реанимотологтар, барлығы он адам адам Хуан батырыңызды орнынан қозғаудың қарекеттерін қарастырды. Салмағы 500 келі тартатын жігітті  анау-мынау көлігіңіздің өзі көтере алмайтыны ақиқат қой. Сондықтан есік алдына алдымен салмағы бір тоннадан астатын машина әкелінді. Көптің көмегінің нәтижесінде Хуан Педро Франко Гвадалахарудағы ауруханаға жатқызылып, қажетті анализдердің барлығы алынды. Енді алып жігіт ауруханада жатып, денсаулығын тексертеді және дәрігерлердің қадағалауында болып, диета ұстайтын болады. Алдағы екі айдын ішінде Хуан кем дегенде 40 келі тастайды деп дәрігерлер сеніммен отыр. Ең бір алаңдатарлығы,  Хуан Педро Франко қант диабетімен ауырады екен.