Негізгі бет  /  мақалалар  /  Астанада жолаушылар автобусы бағдаршамға соғылды

Астанада жолаушылар автобусы бағдаршамға соғылды

Айқын-ақпарат
786
Астанада жолаушылар автобусы бағдаршамға соғылды Астанада бүгін таңертең жолаушылар автобусы бағдаршамға соғылды.

Жол апатына куә болған ғаламтор қолданушысы инстаграмдағы myastanacity аккаунтына бағанға соғылған автобустың суретін жүктеген. Оқыс жағдай Сарыарқа мен Бөгенбай батыр даңғылдарының қиылысында болғанын жазған.

Астана ІІД-ден мәлімдегендей, жол апаты бүгін таңғы жетілер шамасында болған. Автобус рейске енді ғана шыққандықтан, көлік ішінде жүргізуші мен кондуктор ғана болыпты. Олар дін аман.

Baq.kz