Негізгі бет  /  мақалалар  /  Алматыда толассыз қар жаууда (фото)

Алматыда толассыз қар жаууда (фото)

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ
1130
Алматыда толассыз қар жаууда (фото) Алматыда ақ ұлпа толассыз жауып тұр. Қазір қала көшелерінде қозғалыс қиындаған. Жаяу жүргіншілер жолы қарға көмілген. Ал үлкен даңғылар мен көшлерді тазалауға әкімдік тарапынан барынша жұмыс жасалып отыр.

Қалада тұрғындары қоғамдық көліктерді ұзағынан күтуге мәжбүр.Жол жағдайының қолайсыздығына орай қоғамдық көліктер де межелеген аялдамаларына кешігіп жетуде. Ал тоқтаусыз жауған қар жол-жөнекей тұрақтаған көліктерді басып қалған.

Таулы аймақтарда қардың шамадан тыс артық түсуіне орай, төтенше жағдайлар департаменті алдағы екі күн қар көшкіні орын алатындығын хабарлады. Қазіргі таңда, Медеуден Шымбұлаққа қатынайтын таудағы автожол жабылып қалған. Бұл орайда, "Шымбұлақтың" инстаграмдағы ресми парақшасы -Шымбұлақта шаңғы тебушілерге тек аспалы жолмен қатынауды хабарлады. Сондай-ақ, қалың қар мен күннің күрт суытуына орай еліміздің 5 облысында барлық бағыттар бойынша жолдар жабылып отыр.

 

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ,

суреттерді түсірген автор