Негізгі бет  /  мақалалар  /  ХҚКО қызметтерін электронды пайдалану жолдары сан алуан

ХҚКО қызметтерін электронды пайдалану жолдары сан алуан

Айқын-ақпарат
988
ХҚКО қызметтерін электронды пайдалану жолдары сан алуан «Нұр Отан» партиясының «Қа­зақстан – 2021: Бірлік. Тұ­рақ­тылық. Жасампаздық» сайлауалды бағ­дарламасында халыққа көр­сетілетін мем­ле­кеттік қызмет сапасын көтеру мәселесі қарас­ты­рылған.

Бе­рілген уәденің орындалу дең­гейін тексеру мақсатында кеше Есіл халыққа қызмет көр­сету орталығында (ХҚКО) «Мүм­кіндігі шектеулі адамдар үшін мемлекеттік, әлеу­меттік қыз­мет көрсету сапасын арт­тыру» тақы­рыбы бойынша пар­тияның көш­пелі мәжілісі өтті.
Комиссия жетекшісі, ҚР Парламент Мәжілісі депутаты Айгүл Нұркина бірнеше қыз­метті бір орынға біріктіру жем­қорлықты азайтатынын айтады. 
– Біз бүгін комиссияның көшпелі отырысын мүмкіндігі шектеулі азамат­тарға мұнда қалай қызмет көрсетіліп жат­қанын өз көзімізбен көру үшін және ҚР Ақпарат және ком­муникация, Ұлттық экономика министрлігі және өзге де ұйым өкілдерін тыңдау үшін комиссия мәжілісін өткізіп отырмыз, – деді депутат.
Мәжіліс депутаты Артур Платонов отырыс барысында халыққа қызмет көрсету сала­сында жеткен жетістіктер бір­шама екенін атап айтты. Қазір осыдан 10-15 жыл бұрын тіпті армандай да алмайтын едік.
– ХҚКО шын мәнінде билік­тің халыққа деген құрмет дәре­жесін көрсетеді және азамат­тар­дың билікке көзқарасын қалып­тастырады. Дәл қазіргі таңдағы проблемалық аспектілерге тоқ­та­лсақ, мүмкіндігі шектеулі аза­маттардың ХҚКО арқылы көрсетілетін электронды қызмет деңгейіне өте риза болғанымен, көріп отырғанымыздай, ше­ші­мін күткен мәселелер жетер­лік. Біздің көзімізше олар элек­тронды қол қоюды және бас­қа қызметтерді санаулы ми­нуттарда-ақ ала алды. Ең мәсе­лелі болып отырғаны, мүге­дектерге арналған сырғыма бас­­палдақ жайы, – деп тоқталды А.Платонов. Мүгедектерге ар­налған баспалдақтың сапа­сына олар­дың мүлдем көңілі тол­май­ды. Ал екінші мәселе деп автотұ­раққа көлік қалдырудың қиын­дығын атап өтті. Сол себепті, адам орталыққа кірмей жатып-ақ көңіліне жайсыздық алып, күйзе­ліске ұшырап үлгеретінін баяндады.
– Ең маңызды мәселе – ол адам­­дардың электронды қыз­мет түрлері жайындағы ақ­параттан­дырылуының әлсіздігі. Орындалған іс аз емес, алайда олар туралы ешкім ештеңе білмейді десек те болады. Мә­селен, ерекше қажеттілігі бар адамдар 1414 нөміріне қоңырау ша­лып, ХҚКО қызметтерін үйде алуға болатынынан хабарсыз. Онымен қоса, кез келген адам әрбір ХҚКО-да министрге тікелей жүгінуге болатынын білмейді, – деді депутат. 
А.Платонов елімізде бүгінде саны 70-ке жеткен мобильді топ жұмыс істейтінін және ол арқы­лы барлық қызметті үйде алуға болатыны тура­лы көп адамның бейхабар екеніне­ қынжылады. 
– Ең маңызды деген ас­пектілер атқарылды. Мұның бәрі әлемдік дағдарысқа қарамастан ХҚКО құра алған және әлеуметтік бағдар­лан­ған бюджетті қабылдай алған мем­лекетке азаматтардың құрмет дең­гейін арт­тыртады, – деді ол. Біздің шынында әлеуметтік жауап­ты мемлекетте өмір сүріп жат­қанымыздың үлгісі – ХҚКО екенін айтып, А.Платонов сөзін аяқ­тады. 
Көшпелі мәжіліс қоры­тын­д­ы­сында «Азаматтарға ар­налған үкі­мет» мем­лекеттік корпорациясы мен мемлекеттік органдарға мүмкіндігі шектеулі адам­дарға арналған мемлекеттік қызметтер мәселесі туралы бірқатар ұсыныстар айтылды. Олар: халыққа қызмет көр­сету сала­сындағы қызметкерлердің  біліктілігін арттыру, мүгедек адамдармен қа­рым-қатынасын жасау машығын қалы­п­тастыру және 53 стандартты мемлекеттік қызмет жобаларын талқылау.

Таңшолпан ТӨЛЕГЕН