Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жастар жігерленіп отыр

Жастар жігерленіп отыр

Айқын-ақпарат
1022
Жастар жігерленіп отыр «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ ғима­ратында «Жас Отан» Жастар қа­натының қатарына белсенді жас­тарды қабылдау рәсімі салтанатты жағдайда өтті.

Жастар қанатының құрамына рес­публикалық «Қазақстан дауы­сы» жобасының финалисі Жұлдыз Намаз, «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық қоз­ғалысының ОҚО бойынша өкілі Сейдулла Исмаилов, Street Workout қозғалысының көшбасшысы Дмитрий Подебида қабылданды. 
Жұлдыз Намаз бұл жауапты сәтті көптен күткенін айтады. 
– Колледжде оқып жүргенімде белсенді, дарынды жастардан құралған жас­отандықтарға үнемі қызыға қарай­тынмын. Енді өзім де қоғамның дамуына үле­сімді  қосатынымды сезініп, бойымда ерекше күш-қуат пайда болды. Бүгін мен де жасотандықтар қатарына қосылдым. Енді біз бола­шағымызды бірге қалайтын боламыз, – деді ол.
Салтанатты шарада құттықтау сөз ал­ған «Жас Отан» жастар қана­ты филиа­лының төрағасы Б.Момбеков мүшелікке қабылданған жаңа жасотандықтармен алдағы жоспарларын бөлісті. «Біз «Өмір­ге жолдама», «Кедергісіз келешек», «Жем­қорлықсыз қоғам», «Ел жас­тары», «Сәтті қадам» сынды пар­тия­лық жобалар ая­сын­да жұмы­сы­мызды жалғастыратын бола­мыз. Біз­дің мақсатымыз – жас­тардың толыққанды дамуы жолында олар­ды әлеу­меттік-экономикалық тұрғыдан қолдап, зияткерлігін арттыру, – деді жастар жетек­шісі. 
Айта кетейік, қазіргі таңда Оң­түстік Қазақстан облысында жасотандықтардың саны 20 мыңнан асты. Олар өңірдегі түрлі бағыттағы іс-шараларға белсене атсалысуда. Жыл басынан бері «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», ЕХРО – 2017 еріктілер тобы құрылып,  көптеген жұмыстарды жүзеге асыруда


    Назгүл НАЗАРБЕКОВА,  Оңтүстік Қазақстан облысы