Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жәрмеңке жағдай жасады

Жәрмеңке жағдай жасады

Айқын-ақпарат
1107
Жәрмеңке жағдай жасады

Қарағанды облысының  Бұқар жырау ауданындағы Ботақара селосында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы мен аудандық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімі бірлесіп, «Кедергісіз келешек» атты партиялық жоба аясында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді.

Жәрмеңкеде бес ауылдық округтен келген 10 кәсіпорын мен ұйым 42  бос жұмыс орнын ұсынды. Шараға аудандағы 15 село мен кенттен арнайы ат шалдырып келген азаматтар қатысты.
Нәтижесінде 4 адам жұмыспен қамтылды. Березняки ауы­лындағы орта мектеп, ау­дан­дық мұражай, Керней ауылдық округтың әкімдігі жә­не «Ко­локольчик» балабақшасы мамандармен толықты.
Шараға келгендер үшін ақпаратты тақта, кітапшалар, слайдтар мен анықтама қағаз­дар ұсынылды.
«Нұр Отан» партия­сы­ның аудандық филиалы төраға­сының бірінші орынбасары Төлеген Іргебаевтың ай­туынша, мұндай жәрмең­келер тоқсан сайын өткізіледі.
«Азаматтарды жұмысқа орна­ластыру, оның ішінде мүмкіндігі шек­теулі жандарға қол ұшын созу – партия жұмысының басым бағыттарының бірі. Біз жұмыспен қамту бөлімімен, аудандық ұйымдармен тығыз байланыстамыз. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы ақпараттық жұмыстар жүргіземіз», – деді Т.Іргебаев.


Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА,
Қарағанды облысы