Басты  /  мақалалар  /  Ұлт жоспары – ұлылық белгісі

Ұлт жоспары – ұлылық белгісі

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
2083
Ұлт жоспары – ұлылық белгісі

Елбасының 5 институттық реформа 100 нақты қадам Ұлт жоспары жергілікті жерлерде қалай орындалуда? «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының жүзеге асу барысы қалай? Ұлт жоспарының «Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» бағытының аудандағы нәтижесі қандай деңгейде? Бұл сауалдарға қатысты Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімі Жандарбек Ермекұлы Далабаев тілшімізбен ой бөліседі. 

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «Ұлт жоспары – 100 қадам бар­шаға арналған қазіргі за­манғы мемлекет» атты іс-қи­мыл жоспарын орындаудың прак­тикалық кезеңінің басталуы «Ақындар мен батырлар елі» атанған жыр алыбы Жамбыл ауданында тың серпіліс туғызды. 
Мемлекеттік қызмет сала­сында Ұлт жоспарының «Кәсі­би мемлекеттік аппаратты қа­лып­тастыру» бағыты бойынша жаңадан қабылданған Қазақ­стан Республикасының «Мем­ле­кеттік қызмет туралы» за­ңына сәйкес мемлекеттік қыз­­мет құрудың карьералық тәр­тібі енгізілді. Мемлекеттік қызметке орналасу ең төменгі лауазымдардан басталуда және карьералық өсу үшін төменгі лауазымдарда жұмыс тәжірибесі болуы міндеттелді. Қызметке алғаш кірісетіндер арнайы тек­серу нәтижесі келгеннен кейін міндетті түрде сынақ мерзімінен өтуде. 
Жыл басынан бері аудан бойынша төменгі лауазымдарға орналасуға 56 конкурс жария­ланып, олардың нәтижесі бо­йын­ша 45 адам қызметке таға­йындалды. 
Ашықтық пен объектив­тілікті қамтамасыз ету үшін конкурстарға аудандық мәсли­хат, «Нұр Отан» партиясы фи­­лиа­лы, аудандық газет, жас­тар саясаты, мемлекеттік қыз­мет департаменті өкілдері қа­да­ғалаушы ретінде қатысуда. 
Мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын қызмет нәти­желеріне қарай арттыру мақ­сатында облыс әкімдігінің 2016 жылғы 24 ақпандағы №95­ қаулысымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мем­­лекеттік қызмет­ші­ле­рінің қызметін бағалау әдістемесі басшылыққа алынды. Мем­ле­кеттік қызметшілердің 266 жеке жұмыс жоспарлары жасалып, оларды бағалау жөніндегі ко­миссиялар құрылды. 
Мемлекеттік қызметшілерді 3 жылда 1 рет оқыту жүйесі жүзеге асырылуда. Бекітілген кесте бойынша жыл басынан бері 33 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыру және қай­та даярлау курстарынан өтті. Мемлекеттік қызметшілердің әдебіне ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекеттік қызметшілердің қызмет орнындағы, тұрмыстағы жүріс-тұрысы қадағалануда. 
Биыл қаңтар айында ау­дан­дық жергілікті полиция қызметі құрылып, басшысы тағайындалды. Жергілікті по­лиция қызметінің 73 адамдық штаты, ережесі және құрылымы бекітілді. 23 қызметтік авто­көлік, 5 бейнетіркегіш (видео­регистратор) сатып алынды. 
Ауданда құқық­бұзу­шы­лықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссия құрылып, «нөлдік төзімділік» қағидасын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жос­па­ры жасалып, жүзеге асы­ры­луда. Учаскелік полиция инс­­пекторларының халық ал­дында есеп беру кездесулері ұйымдастырылды. 
Ауыл шаруашылығы бағы­тындағы жерлерді нарықтық айна­лымға енгізу үшін тү­ген­деу жүргізілді, оларды пай­даланудың мониторингін жүргізуде электрондық Жер картасы пайдаланылады. Аудан бойынша пайдаланылмайтын 36,1 мың гектар жер телімдері анықталды. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 561 гектар жер пайдаланыла бастады, 3070 гектар жер мемлекетке қайтарылды, иесіз 32469 гектар жер бойынша материалдар мемлекет меншігіне қайтару үшін сотқа беріледі.
Құрылыс саласы бойынша рұқсат  алу  әрекетін  оңтайландыру шаралары жүргізілді және үш сатылы қағида енгізіліп, құжаттарды беру мерзімдері екі еседен астам уақытқа қысқарды. Қазіргі уақытта жобалау және құрылысқа рұқсат беру мерзімі жобаның күрделілігіне қарай 40 жұмыс күнінен 17 жұмыс күніне дейін, эскиздік жобаны келісу әрекеті 60 жұмыс күнінен 15 жұмыс күніне дейін қысқарды. Үшінші кезеңдегі түрдегі хабарламамен ауыстырылды.
Мүлікті заңдастыру бойынша құны 18 млрд 467 млн 98 мың теңге тұратын 3285 нысан заң­дастырылды. 2020 жылға дейін 3 нысанды жекешелендіру кестесі бекітілді. Биылғы жылы «Жамбыл сәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 2018 жылы «Жамбыл су құбыры» кәсіпорны, 2019 жылы «Қарғалы су құбыры» кәсіпорны жекешелендіріледі. Аудан бойынша жыл басынан бері  5 кәсіпорын банкроттық әрекетінен өтуде. Оның ішінде, бүгінгі күнге 2 кәсіпорын банкрот деп танылды, 3 – кәсіпорынның ісі сотта қаралуда. 
Ұлт жоспарының «Ин­дус­трияландыру және эко­но­микалық өсім» атты үшінші ба­ғыты бойынша ауыл шар­уашылығы саласына инвесторлар тарту жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылуда және аудан әкімдігі тарапынан инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетілуде. 
Кооперацияны дамыту арқылы сүт өндіру және өңдеуге стратегиялық инвесторлар тарту тапсырмасы бойынша Қарақыстақ ауылында «Табыс» шаруа қожалығының 600 басқа арналған сүт тауарлы кешенінің құрылысы аяқталды. Жобаның жалпы құны 1 млрд 780 млн теңге, оның 1 млрд 508 млн теңгесі «Қазагрофинанс» акционерлік қоғамы арқылы алынды, 272 млн теңгесі кәсіпорынның өз қаражаты есебінен игерілді. Тауарлы сүт кешенінің жанынан сүт өңдеу цехының де құрылысы жоспарлануда.
 Мемлекеттік «Ырыс» бағ­дарламасы бойынша өткен жылы Ұзынағаш ауылдық ок­ругіндегі «Бейбіт» шаруа қо­жалығы негізінде тауарлы сүт фермасы құрылып, «Ауылды қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы Ресейден 120 бас асылтұқымды сиыр малы сатып әкелінді. Ет өндіру мен өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тартудың негізгі мақсаты – шикізат базасын дамыту және өңделген өнімді экспорттау. Ауданда 103 мың 574 мүйізді ірі қара малы бар, оның ішінде асылтұқымды мал басының үлес салмағы 2,7 пайызды құрайды. Өткен жылдың маусым айында пайдалануға берілген «Империя фуд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 3000 басқа арналған мал бордақылау алаңында бүгінгі күні 2400 бас мал бордақылауда тұр, 460 тонна ет тұтынушыларға өткізілді. 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңы бар Олимпиада чемпионы Жақ­сылық Үшкемпіровтің «Мың­бай» шаруа қожалығы жыл басынан бері Қырғызстан Рес­публикасына 20 тонна ет өткізді.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 14 жоба мемлекеттік қолдауға ие болып, 937 млн 400 мың теңге қаржы төленді. 


Елбасының мектеп жасына дейінгі жеткіншектердің балабақшамен қамтылуын 2020 жылға дейін 100 пайызға жеткізу туралы тапсырмасы бойынша бүгінгі күнге жеткіншектерді балабақшамен қамту деңгейі 94,2 пайызды құрады. Әлеуметтік көмекті оңтайландыру бойынша «Өрлеу» жобасы жүзеге асы­рылуда.
Шілде айында өткен ау­дандық маслихат сессиясында «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасымен қосымша 25 жобаға 819 млн 287 мың теңге қаржы бөлінді, жобаны іске асыру барысында 288 адам жұмыспен қамтылады. 
Денсаулық сақтау саласында 2014-2015 жылдар аралығында жергілікті және республикалық бюджет есебінен жалпы сомасы 900 млн теңгеге салынған Дегерес, Ақсеңгір, Таңбалытас, Ынтымақ, Қайназар, Жаңақұрылыс ауыл­­дарында жаңа дәрігерлік амбулаториялары және аудандық аурухана 12 дана санитарлық көлік, УЗИ медициналық аппаратурасы, рентген аппараты, компьютерлік кардиологиялық жұмыс станциясы, ЭКГ аппараты және басқа да жаңа үлгідегі құрал-жабдықтармен толықты. 
Ауданда 2016 жылғы бюд­­­жетте 27,7 шақырым ав­то­мобиль жолдарының жөндеу жұмыстарына 945 млн теңге қаржы қарастырылып, ауданның 14 селолық округінің 17 елді мекенінде 56 көшенің жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Дегерес ауылында 52 млн 231 мың теңге қаржыға ауылдық әкімшілік ғимаратының құрылысы жүр­гізілуде. 
Елді мекендерді өркендетуге арналған игілікті істер жалғасын табуда. Аудан тұрғындары ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық тор­қалы тойын лайықты тарту­лармен қарсы алуда.