Негізгі бет  /  мақалалар  /  Расул ҚАЛИЕВ, еркін күрес балуаны: Күш-қуатым тайғанша күресемін

Расул ҚАЛИЕВ, еркін күрес балуаны: Күш-қуатым тайғанша күресемін

Жадыра Аққайыр
1894
Расул ҚАЛИЕВ, еркін күрес балуаны: Күш-қуатым тайғанша күресемін Тәуелсіздік алған тұстан бастап, Қазақстан спорты қарыштап дамып келеді. Оған халықаралық жарыстардан жүлдесіз қайтпай, ел мерейін өсіріп жүрген спортшыларымыздың жеңісі дәлел.

Әлем мен Азия біріншіліктерінде топ жарып жүрген Расул Қалиев – еркін күрес шебері, тәуелсіздіктің құрдасы. Отбасына да көңіл бөліп, жарыстарына да үлгереді. Бір қызығы, спорттағы жолын грек-рим күресінен бастаған.

«Классик» Расул еркін күреске қалай келді?
– Ең алғаш күреске 5-сыныпта кел­дім. Бір жылдай грек-рим күре­сімен айналысып жүрдім. Арасында кі­шігірім жарыстарға да бара­тын­мын. Бізбен бірге еркін күреспен ай­налысатын балалар да жат­ты­ғатын. Бір залдың жартысында біз, жар­тысында – еркін күрес балуан­дары шынығады. Қасымыздағы бала­ларға қарап, қатты қызығатын едім. Әр жұма сайын аудан, облыс жарыстарына шығады. Әрі команда ретінде еркін күрес балаларының бір­ліктері мықты еді. Ал грек-рим­нен үш-төрт бала ғана айналы­са­мыз. Шыны керек, ол кезде Өскемен, Се­мей қалаларына жарысқа бару дә­реже болатын. Содан ойлана келе, еркін күреске ауысамын деп шештім. Таңертең 8-де жаттығу басталар ал­дында сапқа тұрғызғанда еркін кү­рес командасының қатарына қо­сылып тұрып алдым. Бұл ойыма бас­тапқыда жаттықтырушым Ер­жан Құсайынов ренжігені бар. Деген­мен сол күннен бастап «рес­ми» түр­де күрестің басқа тү­ріне ауыс­тым. 12-13 жа­сым­нан бастап осы күн­ге дейін еркін күреспен ай­налысып ке­лемін. Күресу стилін өзгер­т­ке­нім­мен, жеңіс бір­ден бұйыра қой­мады. Ұзақ уа­қыт бойы чемпион бола ал­май жүрдім. Ол кездегі қателік ал­­­дымда мақсат бол­мағаны екен. Әй­теуір жаттығу­дан қал­мау керек, ең­бектену ке­рек деп қа­на ойлай­тын­мын. Әу­пірім­деп жү­ріп ауданды ба­­ғын­дырдым. Облыс­та жеңу үшін тағы уа­қыт керек бол­ды. Шығыс Қа­зақ­стан біріншілігіне 8-сы­ныптың орта тұсында қаты­сып, ойламаған жер­­­ден қола жүлде ие­­­лендім. Менің бойы­­­ма сенімділік ұяла­­­тып, өзімді ашуға се­беп­кер бол­ған да осы – үшін­ші орын еді. Міне, сол жеңіс­тің соңынан келесі бе­лес­тер ашыла берді. 


Ұлттық құрамаға жастар са­пында белдесіп жүрген кезде қо­сылған. Бұл дәрежеге жету үшін ел чемпионатында үздіктер қ­а­та­рын­да болу шарт. Ең бірінші рет Қа­зақстан біріншілігіне қатысып, Расул екінші орын иеленеді. 2011 жы­лы Орал қаласында өткен жа­рыста финалға шығып, Дәулет Ниязбековке есе жібергенін еске алды балуан. Сондай-ақ  халықара­лық аренадағы алғашқы қадам­дарын да айтып берді. 

 


Чемпионнан кеңес


Барлығы өзіңе ғана байланысты. Олай дейтінім, дайындық пен еңбек қандай болса, нәтиже де сондай болады. Келесі есте ұстау керек қағида: жоспарлы түрде жұмыс істеу. Айталық, осы бір жылда мен қандай жарысқа барамын, қандай межені көздеймін деген жоспар керек. Менің өзімді айтар болсам, қазіргі бапкерім Руслан Өміралиевпен бірлесіп, кеңесеміз. Оның тәжірибесі мықты, маған қай жарыстың артық болатынын да жақсы біледі. Басқа жарыстарға шығып, шынығып, нағыз маңызды жарыста бабымда болуымды да есептейміз. Мұндай тәсілдің пайдасы көп. Жалпы, спорт саласын таңдағандарға сенімділік пен табандылық керек. Себебі, спортта бір күнде нәтиже көрсету мүмкін емес. Ұзақ уақыт дайындалып, қажырлы еңбек еткен соң барып «жұлдызың жанады». 


 

 

– Жарыстардан жүлделі қай­тып жүрген спортшыларда келесі жеңіске деген құлшыныс өте зор бо­­­ла­ды. Әрі «ұтамын» деген сенім­­ділік те жоғары болатын се­кілді. Мә­­селен, Азия ойын­дарына ба­рар сәтте бірнеше журналис­терге сұхбат беріп, кемі фи­нал­ға шыға­мын деп уәде бер­генім есімде. Чемпион бола­мын деп кеуде кермесем де, өз дайын­дығыма тиісті баға­сын бер­дім. Айтқан­дай-ақ, күміс жүлдеге ие бол­дым. Құр­лық бірінші­лік­те­ріне үш рет қатыстым. 2013 жылы Үндіс­танда қола жүлде, 2014 жылы Ас­танада өткен чемпио­нат­та жеңім­паз атанып, Азия ойын­­дарын­да күміс алдым. Сонымен бірге, ха­лық­аралық турнирлерге ба­рып, бақ сынадым. Ол кездегі нәти­желер де жаман емес. 
Сұхбат барысында Расулдың ба­ла кезден бірге өскен досы Мағ­жан Матанов та  жанымызда болды. Мағ­жан да спорттан алшақ емес. Бұ­рын еркін күреспен айналысқан. Досы туралы айтқан бірауыз сөзін на­зарларыңызға ұсынғанды жөн кө­ріп отырмыз.


Тәуелсіздік құрдасынан тілек

Өзімді тәуелсіз елдің азаматы деп толықтай айта аламын. Себебі, ойымды ашық жеткізе аламын, қалаған ісімді жүзеге асырамын. Заңға қайшы келмейтін кез келген әрекет жасауға мүмкіндік бар. Бұрын бала кезімде егемен елде тұратынымызды аса сезінбеген едім. Өйткені бәрін ата-атаңның айтуымен жасап, мәселелерге бас қатырмайтынбыз. Ал бүгінде тәуелсіздіктің бағасын толыққанды түсіндім. Соғыстан көз ашпайтын, тыныштығы бұзылған қаншама мемлекет бар? Соларға қарап, еліңнің бүгінгі жағдайына шүкіршілік етіп қана қоймай, мақтана да аласың. Бізге барлық мүмкіндік жасалған. Дайындалғың келсе де, демалғың келсе де, кәсібіңді дөңгелетемін десең де – ерік өзіңде. Тәуелсіздік деген осы емес пе?


 

 

Мағжан МАТАНОВ, спортшы:
– Расулмен Семейдегі мектеп-интернатта бірге оқығанбыз. Біз­дер аудан, облысқа шығып жүрген кезде, Расул енді бастап жүрген еді. Соған қарамастан, оның бойынан бір ерекшелік байқайтынмын. Ол әр ісін тыңғылықты атқарады, тын­бай еңбек етеді. Осыдан-ақ оны алда талай жеңістер күтіп тұр деп топ­шылаушы едік. Кейін, Ас­танаға оқуға кеттім. Кәсіби жат­тығу жа­сап жүрген біздер бағын­дыра алма­ған белесті ауылдың баласы Расул бағындырды. Қа­зақ­стан чемпио­натында жүлдегер атанды. Қара нан мен қара шайдың құдіреті де бар шығар. Сонымен бірге, жауап­кершілігі өте жоғары. Тауға шық­қанды, қонаққа бар­ған­ды жақсы көреді. Былайғы кезде спорт ту­ралы әңгіме айтқан­ды қала­майды. Расул үшін нағыз де­ма­лыс – ауылға бару.   


Үйленгеннен кейін өмір өзгереді
Бүгінде балуандардың барлығы осы жылдың бас бәсекесіне қызу дайын­дық үстінде. Желтоқсанның 3-4 жұлдызында Алматыда Кон­федерация кубогы өтеді. Жалпы жүл­де қоры 125 млн теңгені құ­рай­тын жарыстың іріктеу кезеңдері аяқ­талды. Жартылай финалға жол­дама алған команданың ішінде Шы­ғыс Қазақстан облысы да бар. Ал бұл құраманың белді мүшесінің бірі – кейіпкеріміз Расул Қалиев. 
– Ең жуық арада, осы айдың соңына қарай еркін күрестен ха­лық­аралық Д.Қонаев турнирі бар. Дә­режесі жоғары жарысқа дайын­дық қызу жүріп жатыр. Шынын айт­сам, осы жылы жарыстарға жөн­ді қатыспадым. Жарақаттар бол­ды, жеке өмірімді жолға қой­дым. Көп­шілігі отбасын құрған соң спорттан кетіп жатады. Себебі күн­де бір режимде өмір сүріп, бар ойы күрес болғандар үшін жанұя­мен қатар спортты алып жүру оңай емес. Маған осы екеуін ұштастыру үшін бір жыл уақыт керек болды. Бі­рақ үйде келіншегің күтіп оты­р­ғаны да біле-білгенге бақыт екен. Шын жа­нашырың, қолдаушың бо­лып жан жарың отырса, бойыңда ерік-жігер пайда болады. Міне, со­ның барлығын реттеп, енді бар кү­шіммен жатты­ғуға кірісіп жа­тырмын. Аталған тур­нирден соң Кон­федерация кубогында ай­ма­ғымыздың намысын қор­­ғаймыз. 2016 осымен тәмам­дала­ды. Келер жы­лы бағындыруым керек белес – ел чемпионаты. Күрес­те мен әлі ұзақ жүремін деп ойлай­мын. Алла Тағала денсаулық берсе, отыздан ассам да күресе беремін. Нүктесі қойылмаған, бағындырыл­маған бе­лестер өте көп. Тым құры­ғанда ты­рысып, жетуге ұмтылу керек. Біз­де күреске «тоймай қалу» деген түсінік бар. Сондай сезім бол­мауы үшін барымды саламын. Негізі балуан­дардың орташа жасы – 29-30 жас. Орда бұзар жастағы жігіт­тер аса көп емес. 

P.S 

14 қараша күні Расул Қалиевтің шаңырағына ат ұстар ұл келдi. 
Жас шаңырақта қуаныш көп болсын!